Елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Алматы қаласында, Астанада және Қазақстанның 15 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, елдің бірқатар өңірінде қар жауып, боран соғады, көктайғақ пен тұман күтіледі. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Қатты аяз Солтүстік Қазақстан облысында байқалады. 25 желтоқсанда ауа температурасы –15…–23°С-қа дейін төмендесе, 26 желтоқсанда түнде –25…–30°С, кей жерлерде –29°С аяз күтіледі. Петропавлда қар мен боран болжанған.

Астана мен Қарағандыда қар, боран және көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Павлодар, Ақмола, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында қарлы боран, көктайғақ және қатты жел болжанады.

Алматы қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Алматы облысының таулы аудандарында көктайғақ болып, жел күшейеді.

Батыс өңірлерде (Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе) тұман мен көктайғақ күтіледі, кей аймақтарда жел күшейеді.

Түркістан, Жетісу және Қызылорда облыстарында тұман басып, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Мамандар тұрғындарға жолға шыққанда сақ болуға, алыс сапарларды кейінге қалдыруға және ауа райының күрт нашарлауын ескеруге кеңес береді.

Радикализм: угроза нацбезопасности?

МАЖИЛИСМЕНЫ ПРИЗЫВАЮТ К РЕШИТЕЛЬНОМУ ПРИНЯТИЮ МЕР ДЛЯ ЗАЩИТЫ НАЦИОНАЛЬНЫХ...

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында өтеді.

Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райы бұзылады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Алматыда 5 мыңға жуық көлік айыппұл тұрағына қойылған 

Алматыда 8 күнге созылған "Стоп-бұзушылық" жедел алдын алу шарасы 15 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді.

Әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Грекияда 15 жасқа толмаған пайдаланушылар үшін әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін.