12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЕЛДЕГІ ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ – 85 МЫҢ ТЕҢГЕ

Елімізде ең төменгі жалақының көлемі аз. Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысы бойынша оның мөлшері халықтың нақты тұтынушылық шығындарын жабатындай, яғни, медиандық жалақының кемінде 50 пайызына тең болу керек. Нақтырақ айтқанда кемінде 150 мың теңгеге жетуі тиіс.

Өкінішке қарай, Қазақстанда төменгі жалақы 100 мыңға да толмай, 85 мың көлемінде болып отыр. Бұл Мəжілістің жалпы отырысында айтылды. Дəстүрлі жиында «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны (131) ратификациялау туралы» заң жобасы қаралып, қабылданған болатын. Аталмыш мағлұматты отырыста депутат Ринат Зайытов осы құжатқа қатысты ортаға салған еді. Зайытов мырза қаралып отырған құжатта көрсетілген ең төменгі төлемақыны есептеудің 5 əдістемесі бойынша төменгі жалақы көлемі артуы тиіс екендігін алға тартып, құзыр лы орынның оған ынталы болмай отыр ғанын сынға алды. Бұл орайда ол көптеген бюджет қаржысының далаға кетіп, мақсатсыз жұмсалып жатқанын меңзеуді де ұмытпады. Алайда, заң жобасын қорғаған Еңбек жəне əлеуметтік қорғау минис трі Светлана Жақыпованың бұл орайда жасаған уəжінен түйгеніміз, елімізде төменгі жалақы екі есе өсіп, 85 мыңға жетті. Бюджеттің мүмкіндігін ескерер болсақ, бұл аз табыс емес. Министр жиында жасаған баяндамасында Қазақстанда еңбек жағдайлары, еңбекті жəне əлеуметтік қорғаудың, əлеуметтік диалогтың негізгі мəселелерін қамтитын еңбек саласындағы Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 28 конвенциясын ратификациялағанын жеткізді. Светлана Қабыкенқызының айтуынша, бұл конвенция ең төменгі жалақы жүйесін енгізу, ең төменгі жалақыны белгілеу жəне қайта қарау кезінде əлеуметтік əріптестік тараптарының қатысуы, ең төменгі жалақыны анықтау кезінде экономикалық факторлар мен жұмыскерлердің қажеттіліктерін есепке алу, еңбекақы төлеу саласындағы кемсітушілікке тыйым салу қағидаттарын белгілейді. Ратификациялау туралы шешім қабылданғанға дейін ұлттық заңнаманы №131 конвенцияның ережелеріне сəйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізілді. Нəтижесінде, 2024 жылы ХЕҰ ұсынымдарын ескере отырып əзірленген айлық жалақының ең төмен мөлшерін айқындау əдістемесі бекітілді. Аталған əдістемеге сəйкес ең төменгі жалақы медиандық жалақы мен еңбек өнімділігі негізінде анықталады. Бұл тəсіл белгіленген ең төменгі жалақы деңгейінің əлеуметтік əділеттілік пен экономикалық негізділігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша, қолданыстағы заңнама №131 конвенцияның ережелеріне сəйкес келеді, ал оны ратификациялау жүргізілген жұмыстың қисынды аяқталуы болады. №131 конвенцияны ратификациялау: Қазақстанның ең төменгі жалақыны айқындайтын қолданыстағы тəсілдерін халықаралық деңгейде бекітуге; əлеуметтік диалогтың құқықтық базасын əсіресе, ең төменгі жалақыны белгілеуге тараптардың қатысуы бөлігінде нығайтуға; ХЕҰ мүшелік шеңберінде Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне адалдығын растауға мүмкіндік береді. Құжат өзге де депутаттардың сұрағын тудырды. Солардың бірі депутат Жұлдыз Сүлейменова ратификация қабылданғаннан кейін бір жыл өткен соң Қазақстан ХЕҰ алдына осы құжат ережелерінің орындалуы жайлы есеп жолдап, онда ең төменгі жалақы туралы ережелер қолданылмайтын адамдар санаттарын атап, себептерін көрсету қажет болатынын айтты. Сонан соң қандай санаттағы адамдарға ең төменгі ереже бойынша міндеттемелер қойылмайтыны жайлы сұрады. Министрдің бұл сауалға берген жауабынан түйгеніміз, ең төменгі еңбекақы төлейтін санаттарға біліктілігі төмен немесе біліктілігі жоқ жұмыскерлер жатады. Бүгінгі таңда республика бойынша 329 азамат 80 мыңнан төмен жалақы алып отыр. Талдау олардың жұмыс берушілері тек келісімшартпен бірнеше сағатқа тартқан азаматтар екенін көрсетті. Жалпы 785 мың азамат 85 мың көлемінде жалақыға жұмыс істеуде. Оның ішінде бірнеше санат бар. Десе де тағы да талдау ірі кəсіпорындардың салық, өзге де атаулы төлемдерді азайту үшін 85 мыңды төлеп, басқасын конвертпен беретінін де анықтады. Сонымен қатар ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің жалақысы ең төменгі санатта. Министрлік тарапынан іске қосылған кəсіпорындардың цифрлық картасы бойынша қатал монторинг жүргізілуде. Мемлекеттік еңбек инспекторыларының жұмыс орындары еңбек қаупі карталары арқылы ұйым дастырылған. Соның арқасында табысым ең төменгі жалақыдан аз деп арызданған 18 адамның мүддесі қорғалыпты. Жалпы 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 257 кəсіпорны 3,7 мыңнан астам жұмыскерге 1,4 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 4,7 мыңнан астам фактісі белгілі болған. Жалақы бойынша берешегі жəне еңбек құқығының бұзылуы анықталған кəсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 2 602 ұйғарым берілді жəне 332 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Отырыста сонымен қатар «ҚР Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Қазақстаннан келген жұмыскерлерді Қатар мемлекетінде жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да қаралды. Оны да Еңбек жəне əлеу меттік қорғау министрі Светлана Жақыпова таныстырды. Құжаттың мақсаты – Катардағы Қазақстан азаматтарының құқықтық жəне əлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. Үлгілік еңбек шартында жұмыс берушінің қызметкерді тұрғын үй немесе тұрмыстық жəрдемақымен, жұмысқа жəне кері қайтуға тегін тасымалдау немесе тасымалдау ақысымен қамтасыз ету, Катар заңнамасына сəйкес медициналық көмек көрсету міндеттері қамтылған. Қызметкердің жыл сайынғы демалысымен қатар жұмысқа орналасу жəне еңбек шартын тоқтату кезінде сапарларына ақы төлеу, жұмысқа дейін жəне кері қайту кезінде тегін тасымалдау немесе жəрдемақы төлеу, Катар заңнамасына сəйкес медициналық көмек көрсету де қамтылды. Олардың қатарына жұмысқа орналасу жəне еңбек шартын бұзу кезінде рейске ақы төлеу, оның ішіне қызметкердің жыл сайынғы еңбек демалысы кіреді. Катар мемлекетінің Еңбек министрлігі туындаған дауларды қарастырады жəне оларды шешу үшін жұмыс істейді. Дау бейбіт жолмен шешілмеген жағдайда, іс сотқа жіберіледі. Келісімді іске асыруды үйлестіру үшін ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі мен Катар мемлекеті Еңбек министрлігінің өкілдерінен Бірлескен комитет құрылды.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады.

Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады.

Астананың бір бөлігі жаңа жұмыс кестесіне көшті

Астанада бірнеше ұйым бүгіннен бастап жаңа жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді. Қала әкімдігі мәліметінше, бұл шешім жолда кептелісті азайту мақсатында қабылданып отыр.

На пути к цифровому будущему: взвешивая возможности и риски

ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА КАЗАХСТАНА С АКЦЕНТОМ НА УСКОРЕННУЮ ЦИФРОВИЗАЦИЮ И ВНЕДРЕНИЕ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА (ИИ) ЗАДАЕТ АМБИЦИОЗНЫЙ ВЕКТОР РАЗВИТИЯ НАЦИИ. ЭТОТ КУРС НЕСЕТ В СЕБЕ БОЛЬШОЙ ПОТЕНЦИАЛ ДЛЯ ТРАНСФОРМАЦИИ ЭКОНОМИКИ И ОБЩЕСТВА.

ОХРАНА КОНЦЕРТОВ – НЕ ФУНКЦИИ МВД

НА ПЛЕНАРНОМ ЗАСЕДАНИИ МАЖИЛИСА ПАРЛАМЕНТА ЗАТРОНУТ ВОПРОС ГРАНИЦ ОТВЕТСТВЕННОСТИ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫХ ОРГАНОВ НА ЧАСТНЫХ МАССОВЫХ МЕРОПРИЯТИЯХ. ДЕПУТАТ ОТ ФРАКЦИИ ПАРТИИ «RESPUBLICA» ОЛЖАС КУСПЕКОВ ВЫСТУПИЛ С ЖЕСТКОЙ КРИТИКОЙ ПРАКТИКИ МАССОВОГО ПРИВЛЕЧЕНИЯ СОТРУДНИКОВ ПОЛИЦИИ К ОБЕСПЕЧЕНИЮ ПРАВОПОРЯДКА НА КОММЕРЧЕСКИХ КОНЦЕРТАХ И СПОРТИВНЫХ ШОУ.

Қашаннан бастап зейнетақы жинағына тіс емдеуге болады?

15 қыркүйектен бастап Қазақстанда стоматологиялық қызметтерді төлеу үшін зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады. Бұл шектеу бір жылдай уақытқа созылады.