Экс-депутат Қайрат Құдайбергенге сот үкімі шықты

2022 жылғы Қаңтар оқиғасы бойынша Қайрат Құдайбергенге қатысты сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот Қайрат Құдайбергенді 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Еске салайық, экс-депутат Қайрат Құдайберген Қаңтар оқиғасы бойынша 2022 жылы 22 сәуірде ұсталған болатын. 

Прокурорлардың айтуынша, Құдайберген жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінген.

Алдын ала тергеу барысында Қайрат Құдайберген Арман Жұмагелдиевпен (Дикий Арман — еск.) «Қазақстан» қонақүйінде адамдарды жинап, Жұмагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және билікке бірыңғай талап қоюға шақырғаны, сондай-ақ адамдарды 10 адамнан бөліп, оларды топтастырудың айрықша белгісі ретінде қолына ақ түсті таңғыштарды байлауды тапсырғаны анықталған.

Ақтөбе облысының әкімі әкімдік ғимаратындағы өртке байланысты мәлімдеме жасады

Әкімнің сөзінше, кеше облыстық әкімдік ғимаратында болған өрт толық сөндірілген, жағдай тұрақты, бақылауда.

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер: Қазақстанда кім қанша алады? 

Қазақстан соңғы жылдары әлеуметтік саясатты жүйелі түрде күшейтіп келеді. Бүгінде бұл бағыт тек уәде күйінде емес, нақты қаржылық механизмдер арқылы іске асып отырғанын көруге болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге келу туралы келісімді құптайды 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.

Алматы жолдарына жасырын патрульдер шықты

Алматы қаласында "STOP бұзушылық" тақырыбында ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолдарда жасырын патрульдеу форматы енгізілді.