Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Екібастұзда жылу желілеріндегі апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жайында қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Азаматтық қорғау туралы заңның 48-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізіледі», — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, 17 қабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және 21 заңды нысан әлі де жылусыз отыр.

Еске салайық, осыған дейін Екібастұз ЖЭО-сында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалғанын хабарлағанбыз.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.