ЕGov-те жаңа қызмет іске қосылды

ЕGov.kz порталы және eGov mobile қосымшасында мекенжайдың өзгергені туралы ақпаратты көрсететін жаңа сервис іске қосылды, яғни жылжымайтын мүлік нысаны мекенжайының өзгеруі тарихын осы арқылы білуге болады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр әдетте мұндай мәселе жылжымайтын мүлікті сату немесе мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтынын айтты.

«Бәлкім, біреулердің жылжымайтын мүлікті сату кезінде тұрғылықты мекенжайының өзгергенін анықтап, ал ол мәліметтерді растау үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барып уақытын жоғалтып, әуре-сарсаңға түскен кездері болған шығар.

Осылайша, жаңа сервис нотариустар мен банктерге өз клиенттерін ХҚКО-ға жібермей, осы деректерді тікелей алуға мүмкіндік береді. Атап өтейін, егер азаматтардың құжаттарының цифрлық нұсқасы болса, олардан түрлі анықтамаларды талап ету заң жүзінде тыйым салынады. Осылайша, қызмет көрсету уақыты қысқарып, жұмыс процесі жеделдетіледі. Бұл Мемлекет басшысының мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту саясатына негізделген», — деп жазды Бағдат Мусин Instagram-парақшасында.

Бағдат Мусиннің айтуынша, сәліметтерді білу және растау үшін мекенжайдың тіркеу кодын білу жеткілікті. Қажетті ақпарат eGov.kz порталында «Сервистер» бөлімінде және eGov mobilе қосымшасында «Жылжымайтын мүлік және ТКШ» бөлімінде қолжетімді болады. Осылайша, жылжымайтын мүлік мекенжайының өзгеру тарихы көрсетіледі.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...