EGOV BUSINESS: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПЕН СЕРВИС САНЫ ҰЛҒАЙДЫ

Шағын және орта бизнес өкілдері eGov Business мобильді қолданбасының көмегімен пайдалана алатын мемлекеттік қызметтер мен сервистердің қолжетімділігі артты. Ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.

Қолданбаны App Store және Play Market қолданбалар дүкендерінен жүктеп алуға болады және IOS пен Android мобильді құрылғыларында жұмыс істейді. Бұл туралы «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының, жасанды интеллектінің және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылатын, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ы арнайы хабарлама таратты. ЕGov business мобильді қолданбасы «Мобильді үкімет» ақпараттық жүйесінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Оның көмегімен әртүрлі мемлекеттік қызметтер заңды тұлғаларға тікелей смартфондармен қол жетімді. ЕGov Business пайдаланушылары енді бірнеше рет басу арқылы заңды тұлғаның бірінші басшысын тіркей алады, электрондық сандық қолтаңбаны (ЭЦҚ) шығаруға өтінім бере алады, QR арқылы түрлі құжаттарға қол қоя алады және тағы басқа да мемлекеттік қызметтер мен сервистерді пайдалана алады. Қолданбада барлығы 33 eGov қызметіне және eLicense порталының 399 қызметіне (80 лицензияны, 266 рұқсатты, 52 хабарламаны және 1 анықтаманы қоса алғанда) қолжетімділік ұсынылады. Мобильді қосымшада жеке кабинет ретінде жұмыс істейтін және оған кіретін бірінші басшының профилі де қолжетімді. Атап айтқанда: заңды тұлға туралы ақпарат; филиалдар мен лицензиялар туралы деректер; басқа заңды тұлғаларға қатысқан жағдайда еншілес компаниялар туралы ақпарат; заңды тұлғаның мүлкі туралы құжаттар мен деректер. ЕGov Business қолданбасында, сондай-ақ бизнеске клиенттік базаны кеңейтуге көмектесу үшін құрылған отандық өндірушілерге арналған бөлім бар. Қолданба кәсіпкерлерге нақты тауар түрі мен саланың әлеуетті сатып алушылар базасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Әлеуетті сатып алушылар туралы ақпарат Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (ТНВЭД) базасы негізінде қалыптастырылады. Базаға кіру компанияның бірінші басшыларына SMS-хабарламалардағы сілтеме арқылы беріледі. Мүдделі болған жағдайда, кәсіпкерлер SMS-хабарламада көрсетілген нөмірге жүгіне алады немесе әлеуетті сатып алушылардың сайттарымен таныса алады. Осы опцияның арқасында отандық өндірушілер жаңа сатып алушыларды тиімдірек тауып, тарта алады. Бұдан басқа пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін eGov Business мобильді қолданбасында ГОСТ 2015 жаңа форматы бойынша ЭЦҚ шығару көзделген. Пайдаланушылар құжаттарға 4 таңбалы PIN код арқылы немесе кіріктірілген биометрия (Face ID/ Touch ID) арқылы қол қоя алады. ЕGov business мобильді қосымшасы іске қосылғаннан бері оны 45 мыңнан астам жүктеген. IOS қолданушыларының саны 31 мың, ал Android 15,2 мың болды.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...