ЕГЕМЕНДІК ЕЛ МЕРЕЙІН ӨСІРДІ

Еліміз арман еткен, аңсап күткен тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де отыз үш жылдың жүзі болды. Шекарасы шегенделіп, азаттығы айшықталған мемлекетіміздің бүгінде мерейі үстем, мәртебесі биік. Көк туы көкте желбіреген, татулығы көпке үлгі болған Қазақстанның ертеңі жарқын, болашағы баянды.

Дамудың даңғыл жолына түскен елімізде көңіл қуантатын жетістіктер аз емес. Осы жылдар ішінде егемендік ел мерейін өсірді, ер еңсесін тіктетті. Әсіресе, мемлекеттегі әділдік пен туралықтың тірегі саналатын сот саласы тәуелсіздік жылдары адам танымастай өзгерді. Мемлекеттік биліктің бір тармағы саналатын сот жүйесі тың бастамаларға толы. Бұған мемлекет тарапынан жасалған тұрақты қамқорлықтың оң әсер еткені анық. Сот жұмысын жүйелеп, судья мәртебесін арттыратын тетіктер Конституциядан бастау алған болатын. Ал 2000 жылғы 25 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заң отандық сотты қалыптастыру мен жетілдірудің маңызды тұғырына айналды. Өткенсіз бүгін жоқ. Алысқа көз тігіп, жоспар құрар кезде өткенді екшеп, бар мен жоқты бағамдап алудың пайдасы зор. Сондайда тәуелсіздік түлеткен сот құрылымындағы қадау­қадау жаңашылдықтар сырғып көз алдыңнан өтеді. Егемендік жылдарында қол жеткен жетістігіміз баршылық. Салыстырмалы түрде айтқанда, бұрынғы сот ғимараттары мен қазіргі сот ғимараттарының келбеті мүлде бөлек. Қазір облыстық, қалалық соттарды былай қойғанда, шалғайдағы аудандық сот ғимараттарының өзі еңсесі биік, материалдық жағдайы жоғары. Қауіпсіздік, ашықтық, қолжетімділік мәселесінде де айтарлықтай алшақтық бар. Сот ғимаратында судьялардың алаңсыз жұмыс істеуі тұрмақ, сотқа келушілерге де қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Судьялардың әлеуметтік жағдайы жақсарып, сот қызметі материалдық­техникалық жақтан толық қамтамасыз етілген. Соның арқасында баяғыдай көлік іздеп, қағаз­қаламды өз қаражатына сатып алып, құжаттарды машинкаға қолмен басып отырудың ауылы келмеске кетті. Барлық сот залдары дыбыс­бейнежазу құрылғыларымен жабдықталғандықтан, енді судьяларға ғана емес, сот хатшыларына да хаттама жазып, әуре болудың керегі жоқ. Мамандандырылған соттардың құрылып, алқабилер институтының тәжірибеге енгізілуі де сотқа деген сенімді нығайтудың пәрменді тетігі саналады. Жалпы, мамандандырылған соттар судьялардың белгілі бір салаға бейімделіп, істерді сапалы, сауатты қарауына жол ашса, алқабилер институты қарапайым азаматтардың сот процесіне қатысып, төрелік етудің қыр­сырын жетік білуіне ықпал етті. Сот жүйесінде болған өзгерістер баршаның сотқа қолы жетуін қамтамасыз етіп қана қоймай, кез келген тұрғынның өз құқықтарын сот арқылы жүзеге асыруына жол ашты, азаматтардың сот билігіне деген сенімін күшейтті. Осы сындарды өзгерістердің қатарына соңғы жылдары тәжірибеге енгізілген әкімшілік әділет институтын да қосуға болады. Сондай­ақ келер жылдан бастап кассациялық соттардың жұмысын бастайтыны заңмен бекітілді. Мұндай іргелі жаңашылдықтар қазақстандық соттың бүгінгі жетістікпен шектеліп қалмай, үнемі ізденіс үстінде, әрдайым даму жолында келе жатқанын көрсетсе керек. Егемендік есейткен құрылымның ел ықыласына бөленіп отырғаны да сондықтан.

Əнуар ДƏУРЕШОВ, Атырау облыстық сотының судьясы

Радикализм: угроза нацбезопасности?

МАЖИЛИСМЕНЫ ПРИЗЫВАЮТ К РЕШИТЕЛЬНОМУ ПРИНЯТИЮ МЕР ДЛЯ ЗАЩИТЫ НАЦИОНАЛЬНЫХ...

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында өтеді.

Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райы бұзылады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Алматыда 5 мыңға жуық көлік айыппұл тұрағына қойылған 

Алматыда 8 күнге созылған "Стоп-бұзушылық" жедел алдын алу шарасы 15 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді.

Әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Грекияда 15 жасқа толмаған пайдаланушылар үшін әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін.