ЕЦ-166/10 мекемесінің сотталғандарына асыға күткен кәсіптік білімі туралы диплом табыс етілді

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департментіне қарасты ЕЦ-166/10 мекемесіндегі сотталғандар газ-электрмен дәнекерлеуші және тігінші мамандығы бойынша білім ала-алады. Сотталғандар кәсіптік оқыту бойынша міндеттерді орындау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылыс-техникалық колледжінде білім алды. 

Олар алдымен дәнекерлеудің теориялық материалын, технологиясын және техникасын меңгереді, электр жабдықтарын, тігу дәрежелерін, қауіпсіздік техникасын зерделейді, содан кейін практикалық сабақтарға кіріседі. 

Сотталғандар бұл мамандыққа қызығушылық танытты. Өйткені бұл мамандықтар түзету мекемесінде де, одан тыс жерлерде де сұранысқа ие. Сонымен қатар, орта кәсіптік білім алуға және кәсіптік оқуға деген оң көзқарас сотталған адамның түзелу дәрежесін айқындау кезінде ескеріледі. 

Жоғарыда аталған мамандықтарды игере отырып, сотталғандар жазасын өтегеннен кейін жұмыс істей алады, өйткені сотталғандардың дені бұрын жүргізуші, такси жүргізушілері, курьерлер, экспедиторлар сот шешіміне сәйкес өмір бойы жүргізуші құқығынан айырылғандар.

Іс-шара соңында, ЕЦ-166/10 мекемесі бастығының жалпы сұрақтары бойынша орынбасарының міндетін атқарушы әділет майоры Арман Тойлыбайұлы Шаришев Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылыс-техникалық колледжі басшылығына өзара ынтымақтастықта іс-қимыл жасағаны үшін, сондай-ақ сотталғандарға оқу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...

Абай облысында әйелдер колониясында үстел теннисінен турнир өтті

Абай облысы бойынша әйелдер колониясында Спорт күніне орай үстел...