ЕАЭО-да бағалы тастарға салынатын баж салығы алып тасталды

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы 16 ақпанда бағалы және жартылай бағалы тастың жекелеген түрлерін әкелу кезіндегі кедендік баж салығын екі жыл мерзімге тоқтатуды ұйғарды. Олар зергерлік өнеркәсіпте қолданылатын табиғи немесе жасанды изумруд, сапфир, рубин, джейд, александрит және басқалары, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі одақ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде зергерлік бұйымдар дайындауға арналған түсті бағалы және жартылай бағалы тас өндірісі сұранысты қанағаттандырмайды. Осыған байланысты шикізатқа баж мөлшерін төмендету зергерлік саладағы шығынды азайтуға және дайын зергерлік бұйымның ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді», — деп мәлімдеді ЕЭК сауда жөніндегі алқа мүшесі, министр Андрей Слепнев.

ЕЭК алқасы сыртқы экономикалық қызметтегі тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) салмағы 0,3 караттан кем табиғи алмастарды он таңбалы код деңгейінде бөліп көрсетті. Бұл сыртқы тауар саудасын кедендік-тарифтік реттеу шараларын одан әрі өзгерту мақсатында ЕАЭО аумағына әкелінуін есепке алуға және талдауға мүмкіндік береді.

Құжаттың күшіне енуі комиссия кеңесінің СЭҚ ТН-ға енгізілген өзгерістерді ескеретін жекелеген шешімдері күшіне енген күнмен тұспа-тұс келеді.

Армрестлингтен Әлем чемпионы атанған полицей оқушыларға шеберлік сабағын өткізді

Әлемдік спорт аренасында Қазақстанның абыройын асқақтатқан тәртіп сақшылары жас...

Исчезнувшая семья: следствие нашло ответ

РЕЗОНАНСНОЕ ДЕЛО В АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ ПОЛУЧИЛО РАЗВЯЗКУ. ТРАГЕДИЯ, НАЧАВШАЯСЯ...

Референдум күні әр екі сағат сайын дауыс беру барысы туралы ақпарат беріліп отырады

Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге дайындық жұмыстарын...

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани тірегі. Әр халықтың...

Электронды сот отырысын ұйымдастыру – сот жүйесіндегі тиімді жаңашылдық

       Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам өмірінің барлық саласына...