12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЕҢБЕК ЛАЙЫҚТЫ БАҒАЛАНУЫ ТИІС

ХАЛҚЫМЫЗДА ЕҢБЕКТІҢ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙТЫНЫН АҢҒАРТАТЫН «ЕРДІҢ АТЫН ЕҢБЕК ШЫҒАРАР», «ЕҢБЕК ЕРЛІККЕ ЖЕТКІЗЕР, ЕРЛІК ЕЛДІККЕ ЖЕТКІЗЕР», «ЕҢБЕК ЕТ ТЕ, МІНДЕТ ЕТ», «ЕЛ ҮМІТІН ЕР АҚТАР, ЕР АТАҒЫН ЕЛ САҚТАР» ДЕГЕН СИЯҚТЫ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ӨТЕ КӨП. МҰҒАЛІМ, ДӘРІГЕР, ЖАЗУШЫ, АҚЫН, ШАХТЕР, МЕТАЛЛУРГ, ЖҮРГІЗУШІ, МАЛШЫ, МҰРАП, БАҒБАН, АДВОКАТ, ЕГІНШІ, КЕНШІ, ҚҰРЫЛЫСШЫ СИЯҚТЫ ҚАЙ МАМАНДЫҚ ИЕСІМЕН СӨЙЛЕССЕҢІЗ ДЕ БӘРІ ЕҢБЕКТІҢ ДЕР КЕЗІНДЕ БАҒАЛАНҒАНЫ ДҰРЫС ДЕП САНАЙДЫ.

Өкінішке орай қарапайым еңбек адамдарының арасынан мемлекеттік марапатқа ие боп жатқандарды сирек еститін болдық. Есесіне шенді-шекпенді мекеме, ұйым басшылары мен олардың айналасында жүрген ат төбеліндей аз ғана адам жыл құрғатпай марапатқа ие болып жатқанын жиі естіп, көріп жатамыз. Тіпті кейде бірқатар медальдар белгілі бір мерекелерде ғана емес, жыл бойы үздіксіз таратылып жатады. Сол себепті әлеуметтік желіде «Қазақстан өнім өндіруде өзгелерден артта қалып қойғанмен, орден-медаль шығарып, таратуды өндірістік жолға қойып алды» деген сын жиі айтылады. Сондықтан Мемлекет басшысы да оған көңіл аударып, билік органдарына бір емес бірнеше мәрте арнайы тапсырма бергені де әлі ұмытыла қойған жоқ. Алайда оның нәтижесі әзірге көңіл көншітпеуде. Электрондық үкімет сайтындағы ресми мәліметке қарағанда, Қазақстанда марапаттар әртүрлі орден-медальдар мен құрметті атақтарды қамтиды. Оның 10-ы орден, төртеуі медаль, төртеуі құрметті атақтар. Бұдан бөлек ведомстволық 3 медаль мен 36 марапат белгісі бар. Оның қатары алдағы уақытта да толыға түсетіні күмәнсіз. Мәселен, «Халық алғысы» медалі мемлекеттік марапаттардың ресми тізімінде әлі жоқ.

Ал былтыр 23 маусымда Мемлекет басшысы «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форумында сөйлеген сөзінде «Бүгінгі форумда коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген
азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Осыған орай, мен «Халық алғысы» атты арнайы медаль тапсыруды ұйғардым. Бұл – осындай қиын-қыстау уақытта аянбай еңбек еткен азаматтарға арналған жаңа мемлекеттік марапат. Осы медаль нағыз отаншыл жандарға тапсырылады деп сенемін. Осы індеттен құтылған соң Елордамызда азаматтарымыздың ерлігіне арналған ескерткіш қоюымыз керек» деген еді.

МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТҚА КІМ ЛАЙЫҚТЫ?
Жалпы, мемлекеттік марапаттармен республикаға еңбегі сіңген қазақстандықтар ғана емес шетелдіктер де мемлекеттік, қоғамдық, шығармашылық қызмет, еңбек және жауынгерлік ерліктері үшін марапатталады. «Алтын Қыран» жоғары дәрежелік орденімен марапаттауды ҚР Президенті анықтайды. Өзге мемлекеттік марапаттармен марапаттауға ұсынысты ҚР Президентіне Парламент, ҚР Үкіметі, министрліктер, агенттіктер, әкімдіктер, шығармашылық одақтар және басқа ұйымдар енгізеді. Шетелдік азаматтарды марапаттауға ұсынуды министрліктер және мемлекеттік комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдар жалпы негіздерде жүргізеді. Көп балалы аналардың марапаттары және батырлық ерліктер мен экстремалдық жағдайлардан басқа жағдайда азаматтарды кезекті марапатқа ұсыну алдыңғы марапаттаудан кейін 5 жылдан бұрын жүргізілмейді. Әртүрлі дәрежелік және жоғары дәрежелік ерекшелік белгілерінен басқа жағдайда бір орденмен және медальмен 1 тұлға 2 рет марапаттала алмайды. Мемлекеттік марапаттармен марапаттау өмірлік болуы мүмкін. Одан айыруды заңның негізінде қылмысы үшін сотталған жағдайда сотқа ұсыну бойынша ҚР Президенті жүзеге асырады. Мемлекеттік марапаттардан айыру оларды және құжаттарды ҚР Президентіне қайтаруға әкеледі. Заңсыз сотталған және толығымен сауықтырылған азаматтар, сот шешімі бойынша ҚР Президентінің мемлекеттік марапаттарына құқықтар да қалпына келеді. Сыртқы түрі ҚР мемлекеттік марапаттарына ұқсас ордендер мен медальдар, марапаттау белгілері және олардың құжаттарын шығаруға және дайындауға тыйым салынады. ҚР орденін, медалін және Құрмет белгісіне марапаттау белгісін сатып алу, сату, айырбастау немесе өзге де ақылы қайтару, сондай-ақ мемлекеттік марапат-тарға қатынасы бойынша өзге де заңсыз әрекеттерді жасау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеледі. ҚР мемлекеттік марапаттарына лайықты тұлғалар олардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Мемлекеттік марапаттарды және олардың құжаттарын жоғалтқан жағдайда марапатталғандар өздерінің марапаттарға құқықтарын сақтайды. Қайтыс болған азаматтардың және қайтыс болғанға дейін марапатталған ҚР ордендері, медальдары, Құрмет белгілері, марапаттау белгілері, сондай-ақ оларды марапаттау туралы құжаттары туысқандарына естелік ретінде мұраға қалады.

МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ ҚАЛАЙ ӘЗІРЛЕНЕДІ?
Марапатқа ұсынылатындар белгіленген үлгідегі марапаттау парағын құрастырады. Онда марапатталатын адамның тұлғасын сипаттайтын мәліметтер, саладағы және аталмыш ұжымдағы жалпы еңбек өтілі, оның нақты еңбектері, жұмыстың тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер, өндіріске тартылған тұлғалар үшін жұмыстың негізгі нәтижелері, сондай-ақ оған берілуі мүмкін марапат көрсетіледі. Марапаттау парағына ұйым басшысы қол қояды. Бірінші басшыға марапаттау парағына жоғары сатылы органның басшысы қол қояды. Марапаттау парақтары басшылары қол қойған ұйымдардың мөрлерімен бекітіледі. Ол бір данада толтырылады, оған ұсынылушының екі фотосуреті қоса беріледі. Дұрыс рәсімделмеген марапаттау материалдары қарауға қабылданбайды. Еңбек ұжымы марапаттау үшін үміткерлерді ұсынған жағдайда марапаттау парағы және марапаттау туралы ұжымның сұраныс хаты тиісті атқару органдарына немесе министрліктерге, агенттіктерге, мемлекеттік комитеттерге, әскери ведомстволарға және басқа органдарға жіберіледі. Олар келіп түскен материалдарды қарайды және ұсыныстарды дайындайды. ҚР Президентіне ұсынысты ұйымдардың қызметкерлеріне меншік нысанынан тәуелсіз жергілікті мемлекеттік органдар, аймақтық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері – Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, облыстарының әкімдері, Орталық мемлекеттік органдардың, ҚР Президентіне тікелей бағынышты және есепті органдардың, республикалық шығармашылық одақтар және қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлеріне – осы ұйымдардың басшылары, ҚР Президентіне тікелей бағынышты және есепті орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына, ҚР Парламенті және Үкіметі, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, облыстарының мәслихаттарының әкімдері және хатшылары береді. Марапаттар бойынша ұсыныстарды алдын ала қарау және дайындау үшін ҚР Президенті жанынан мемлекеттік марапаттар бойынша комиссия құрылады. Марапаттау туралы сұраныстарды комиссияның қарау нәтижелері туралы үміткерлерді ұсынғандарға ауызша нысанда хабарланады. Марапаттау немесе бас тарту бойынша комиссияның шешіміне азаматтардың шағымдары мен өтініштері қарастырылмайды.

МАРАПАТ ИЕЛЕРІНЕ БЕРІЛЕТІН ЖЕҢІЛДІКТЕР МЕН ТӨЛЕМДЕР
Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілеріне, «Отан» ордені немесе «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденіне лайықты азаматтарды марапаттау туралы ҚР Үкіметімен құрылған ҚР Даңқ кітабында жазылады. «Алтын алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Отбасы мүшелерімен бірге тұрғын үй шығындарын төлеу үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналарға жергілікті бюджет есебінен жеңілдіктер белгіленуі мүмкін. ҚР заңына сәйкес, арнайы жәрдемақы үш дәрежелі Даңқ орденінің иегерлеріне, «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» құрметті атағын алғандарға 130 АЕК; үш дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерінің иегерлеріне 9 АЕК; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға 6 АЕК көлемінде төленеді. Қоғамдық ұйымдар тарапынан берілетін марапаттардың бұл күнде нақты санын ешкім дөп басып айтып бере алмайды. Сондықтан оны аз не көп деп кесіп-пішу қиын. Мемлекеттік марапаттармен салыстырғанда, мұнда қандай да бір жеңілдік не жәрдемақы төлеу қарастырылмағандықтан, онда иеленушіге қатысты қандай да бір қатаң шаралар жоқ. Ешкім өз мойнына ешқандай қосымша жауапкершілік алмайды. Бұл адамды ынталандырудың және еңбегін қоғам тарапынан бағалаудың бір құралы ретінде ғана өз қызметін атқарады. Сол себепті қоғамдық марапат керек немесе керек емес деп ешкім біржақты шешім шығара алмайды. Оған өкілдігі де, құзыры да жоқ. Азаматтық қоғамда бұл қалыпты нәрсе және одан ешбір ел ресми түрде бас тартқанын осы күнге дейін естіген де, көрген де ешкім жоқ.

Әбен НҰРМАНОВ «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің президенті, экономика ғылымдарының докторы:
– Марапатты тек мемлекет беру керек деп жүргендерді өз басым еш түсіне алмаймын. Қошемет, құрмет, марапатсыз ешбір жерде жұмысты жоғары деңгейде жүргізу қиын. Өзінің мамандығын сүйетін адам жұмысы мен қызметі үшін ешкімнен ешқандай сый-құрмет күтпейді. Оған әріптестерінің еңбегін елеп, арқасынан қағып, айтқан жылы сөзінің өзі үлкен шабыт береді. Марапатты мемлекет жақсы жұмыс істегені үшін берсе, ұйымдар қоғамда абыройлы болғаны үшін береді. Оны бір-бірінен бөліп-жармай, жақындатқан жөн. Егер еңбегі республикалық, халықаралық, әлдемдік деңгейде мойындалып, түрлі қоғамдық ұйымдар тарапынан арнайы марапаттарға ие болып жатса, оны неге қызғанамыз? Қайта бұл үшін қуану керек қой. Мәселен, Нобель, Оскар сияқты сыйлықты ешкім керек емес демейді ғой. Әркім өзінің деңгейіне қарай сый-құрметке бөленіп жатса, оның етегінен тартпай, қуанышын бірге бөлісетін болса, одан ұтпаса, ешкім ұтылмасы анық.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

Дропперы в контексте виртуального мошенничества 

Понятие «дропперы» в лексиконе судебных и Правоохранительных органов появилось...

Под эгидой Союза судей

Cпартакиады среди судей проводятся в республике с сентября 2002 года....

Черная паутина Часть 7

Cпециализированном межрайонном суде по уголовным делам г. Алматы продолжается...

Символ мудрости и трансформации

Символом наступающего нового 2025 года станет Зеленая Деревянная Змея....

Штраф либо лишение свободы

Вопросы борьбы с коррупцией всегда находятся орбите особого внимания...