12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Еңбек дауларын келісіммен шешкен тиімді

Кез келген дауды өзара түсіністікпен, ортақ мәмілеге келу арқылы сотқа жеткізбей шешкен тиімді. Даудың сот тәртібінде қаралуы екі тарапқа да оңайға соқпайды. Өйткені сот қарауына түскен арыз-шағымға заңның шеңберінде нүкте қойылады. Соған орай екі жақтың өзара келісімімен бір күнде реттеуге болатын дау бірнеше сот отырысында қаралады. Яғни, сот отырысына қатысу үшін екі тараптың да бірнеше рет жұмыстан сұрануына, маңызды жұмыстарын кейіне шегеруіне, ойын тек сот отырысына арнауына тура келеді. Мұның уақыт жағынан да, қаржылық тұрғыдан да тиімсіз екенін дәлелдеу артық.

Басқа даулармен бірге еңбек дауларын да мүмкіндігінше бейбіт шешкен ыңғайлы. Бұл келісім қарапайым жұмысшыларды әурешіліктен, қаржылық шығыннан құтқарса, жұмыс беруші дауды келісіммен шешу арқылы ең алдымен өзінің жылдар бойы жинаған абыройын сақтап қала алады.

Жалпы ұжымдық еңбек дауларын шешу төмендегідей тәртіппен жүргізіледі. Ең алдымен жұмысшылардың еңбек келісімшартына байланысты келіспеушіліктерін жұмыс беруші өз бетінше шешуге талап жасайды. Егер жұмысшы мен жұмыс беруші ортақ мәмілеге келмесе, дау татуластыру комиссиясының, яғни келісім комиссияларының назарына ұсынылады. Әдетте үлкен еңбек ұжымдарында келісім комиссиялары бар, және тұрақты жұмыс істейді. Ал жоқ болған жағдайда, келісім комиссиясын жасақтау қиын емес. Ол жұмыс беруші мен жұмысшылар арасынан теңдік принципіне сәйкес құрылады. Екі тарап келісім комиссиясының көмегімен де мәмілеге келе алмаған жағдайда іс сот құзырында қаралады. Сот тәжірибесінен көріп жүргеніміздей еңбек дауларына көбіне-көп жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтық сауатының кемдігі, заң талаптарын дұрыс сақтай білмеуі ықпал етіп жатады. Сондай-ақ жұмыс беруші мен жұмыскер арасында жалақы мен еңбек жағдайларын жақсарту бойынша даулардың жиі көрініс беретіні байқалады. Тағы бір белгілісі жұмыс берушінің заңсыздығын көре тұра өз құқығын қорғауға тырыспайтын азаматтар да арамызда баршылық. Олар ең алдымен өзінің құқықтық сауатының кемдігінен осындай әрекетке барады. Екіншіден, көпшілігі құзырлы орындар қарапайым жұмысшы мүддесін қорғайды дегенге сене бермейді.

Ал мұндай кемшіліктерді болғызбау үшін, ең бастысы, еңбек дауларының алдын алу үшін азаматтардың құқықтық сауатын көтеру бағытындағы жұмыстар, ақпараттандыру, заңдарды түсіндіру бойынша іс-шаралар үнемі жүргізілуі тиіс. Азаматтарға еңбек келісімшартын жасаудың маңызын, келісім-шартта өз ұсыныс-тілектерін қосудың артықшылығын жан-жақты ұғындыру шарт. Еңбек келісімшартын жасамай тұрып еңбекке араласудың кейінгі салдарынан да азаматтарды

хабардар ету керек. Бұған қоса, келісімшарт талаптары сақталмаған жағдайда қандай әрекет жасау керектігі, өз құқығыңды қорғаудың заңдық негіздерін де көпшілікке ұғынықты тілмен жеткізе білсек ұтарымыз көп.

Райхан Сартаева,

Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ

Бүгінде сот жұмысының сапасын арттыру мемлекеттің басты міндеттерінің бірі...

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию...

Әйелдер түзеу мекемесінде жұмыс кеңесі өтті

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 79 мекемесінде сотталғандардың...

«Встреча у ворот»

Социальный проект «Встреча у ворот» проведен в колонии №21...

«Қақпа алдындағы кездесу»

Абай облысындағы Қылмыстық атқару жүйесінің №21 мекемесінде «Қақпа алдындағы...