12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРМЕК

Депутат Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігін күшейту жəне қызметкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі заң жобасын ұсынды. Аймағамбетовтың айтуынша, еңбек заңнамасында əлі де олқылықтар бар. Мəселен, енді азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімдерге (ГПХ) қатысты өзгерістер болады.

«Көп жағдайларда жұмыс берушілер шығынды азайту жəне əлеуметтік кепілдіктерден жалтару мақсатында еңбек шартының орнына жаппай азаматтық-құқықтық сипаттағы(ГПХ) келісімдер жасайды. Адам жұмыс кестесіне бағынады, басшысы бар, бірақ қағаз жүзінде ол – жұмысшы емес. Енді біз нақты шекара енгіземіз: егер еңбек қатынастарының ең болмағанда бір белгісі болса, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімдерге тыйым салынады», – деді ол. «Бұл неліктен қауіпті? ГПХ арқылы жұмыс істейтін адам əлеуметтік кепілдіктерден айырылған: ақылы еңбек демалысын ала алмайды, əйелдерге декреттік демалыс берілмейді, зейнетақы жарналары аударылмайды, медициналық сақтандыру қарастырылмайды. Біз осы олқылыққа нақты шектеу енгізіп отырмыз. Егер тараптар арасындағы қатынаста еңбек шартына тəн бір ғана белгі болса, ГПХ рəсімдеуге тыйым салынады. Соның нəтижесінде ондаған мың азамат толыққанды əлеуметтік кепілдіктерге ие болады», – деді Аймағамбетов Мəжілістің пленарлық отырысында. Сонымен қатар, ол жұмысты бірдей атқаратын қызметкерлер арасындағы жалақы айыр машылығы туралы айтты. Оның сөзінше, кейбір компаниялар шет елдік мамандарға Қазақстан азаматтарына қарағанда бірнеше есе жоғары жалақы төлейді, бұл айқын əділетсіздік туғызады. Оның əріптесі, депутат Арман Қалықов заң жобасын қолдап, Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің өкіліне нақты сұрақ қойды. «Бұл норма көлеңкелі жұмыспен қамтуды азайтуға, сондай-ақ қызметкерлердің жəне еңбек құқықтарының сақталуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге түсіндіріп берсеңіз: қай жағдайларда ГПХ еңбек шарты ретінде танылады? Еңбек шарты қандай айырмашылық белгілеріне ие болуы тиіс?» – деп сұрады ол. Бірінші вице-министр Асқарбек Ертаев Еңбек кодексінің 27-бабына сүйене отырып, еңбек шартының басқа келісімдерден айырмашылығын түсіндірді. Оның айтуынша, бапта үш негізгі белгі бар: – қызметкердің белгілі бір мамандық, біліктілік бойынша жұмыс атқаруы; – міндеттерді жеке өзі орындап, басшылыққа бағынуы; – еңбекақы алуы. «Яғни еңбек шартының өзгелерден айырмашылығы бар. Енді бұл тəртіп қалай іске асады? Бірінші – жұмыс беруші барлық ГПХ-ны осы бапқа сəйкестігін тексеруі керек. Егер сəйкестік байқалса, тек еңбек шарты жасалуы тиіс. Екінші – мемлекеттік бақылауды еңбек инспекциясы жүзеге асырады», – деді Ертаев. Ол Қазақстанда еңбек шарттарын тіркеудің бірыңғай жүйесі бар екенін, жұмыс берушілер сол жүйеге ГПХ-ны да жүктей алатынын айтты. Егер еңбек инс пекторы келісімде еңбек шартына тəн белгілерді байқаса, жұмыс берушіге оны еңбек шартына қайта рəсімдеу туралы нұсқама беріледі», – деп атап өтті вице-министр.

Аружан МАУЛЕНБАЙ, «Заң газеті»

Фото: Курсивмедиа

Кредит нарығындағы өзгеріс: кімге қарыз берілмейді, кімге жеңілдік бар

Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылғы тамызда халықтың барлық кредиттері бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының (ЖТСМ) шекті мәндері азайтылған.

16 жасқа толмаған балаларға TikTok пен Instagram-ға тыйым салынды

Аустралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салған алғашқы ел болды. Көптеген ғалым мұны жасөспірімдердің психикалық денсаулығына және әлеуметтік байланыстарына шектеудің әсерін зерттеуге мүмкіндік беретін тәжірибе деп бағалап отыр.

Қазақстанда киімдер АҚШ пен Жапониядан қымбат екені рас па?

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та "Қазақстанда киім мен аяқ киім АҚШ-қа, Жапонияға және Канадаға қарағанда қымбат" деген ақпарат тарады.

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері уақытша жабылады

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері мерекеге байланысты  екі күнге жабылады.

Драйвер роста и комфорта

ШЫМКЕНТ АКТИВНО УКРЕПЛЯЕТ СВОИ ПОЗИЦИИ В ЭКОНОМИКЕ И ИНВЕСТИЦИОННОЙ СФЕРЕ, СОЗДАВАЯ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ И БИЗНЕСА. ГОРОДСКИЕ ВЛАСТИ ПОСЛЕДОВАТЕЛЬНО РЕАЛИЗУЮТ ПРОЕКТЫ, НАПРАВЛЕННЫЕ НА РОСТ ПРОМЫШЛЕННОГО ПРОИЗВОДСТВА, РАЗВИТИЕ ИНФРАСТРУКТУРЫ, УЛУЧШЕНИЕ СОЦИАЛЬНОЙ СРЕДЫ, ПОВЫШЕНИЕ КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАНИЯ, ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И СПОРТИВНОЙ СФЕРЫ.