12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Еңбек пен ізденіс біліктілікті арттырады

Судья – Президент жарлығымен тағайындалатын мәртебелі мамандық. Адам тағдырын таразылап, даудың ақ-қарасын ажыратуға тиіс судьяның мәртебесі қандай биік болса, сәйкесінше жұмысының жауаптылығы да аса жоғары. Әлемде қателесуге құқығы жоқ екі мамандықтың бірі – дәрігер болса, екіншісі – судья. Себебі, екеуінің білімі мен біліктілігі, шеберлігі мен тәжірибесі адам тағдырын арашалап қалудың кепілі. Міне, сондықтан да сот саласына келіп, судья ретінде төрелік ететін әрбір тұлға үнемі ізденіп, кәсіби білімін шыңдап, үнемі тәжірибесін жетілдіріп отыруы тиіс.

Төрелік ету терең білімді ғана емес, өте жоғары психоэмоционалды жүктемеге толы. Сондықтан судьялар әр нәрсеге сабырлық танытып, төрелік алаңында тараптарға тең қарауға, өзінің ішкі толқынысын, көңіл-күйін, эмоциясын айналасындағыларға сездірмеуге тиіс. Сот отырысында өзінің ұстанымына қайшы, морльдық болмысына сай келмейтін істер таразыланып жатса да, судья салқынқандылық танытып, түр келбетінен өзгеріс байқатпауы маңызды. Өйткені, судьяның дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері тараптардың жіті назарында. Судьяның қателігі бүкіл сот құрылымының қателігі ретінде танылатынын ұмытпаған жөн.

Судья қателіктерге жол бермеу үшін заңдарды үнемі қадағалап, қоғаммен бірге дамуы керек. Өз ортасының жаңашылдықтарына ілесу негізгі міндет. Сонымен бірге, әлеуметтік желілердегі азаматтардың талабына құлақ түру, көпшіліктің ұсыныс-пікрлерінен, сын, ескертпелерінен хабардар болып отырудың да маңызы зор. Әсіресе, сот саласының ардагерлері жазған, соттағы ортақ мәселелерді талқылаған диалог алаңдарына белсене қатысып, түйткілді мәселелерді бірігіп тарқатуға атсалысқан орынды. Бұл өз кезегінде әріптестік байланысты нығайтуға, сонымен бірге тәжірибені жетілдіруге айтарлықтай көмегін тигізеді.

Үздіксіз оқу және даму үшін судьяларға семинар, тренингтерге қатысу керек. Бұл  білім мен дағдыларды жаңартуға көмектеседі. Судьялар неғұрлым сауатты болса, соғұрлым сапалы және саналы шешім қабылдайды. Сондай-ақ оқу, іздені судьяларға аналитикалық және сыни дағдыларды дамытуға көмектеседі. Өзіміз еңбек еткен саланың беделі биік болсын десек, ізденуден, оқудан, үйренуден жалықпауымыз керек.

А.Асан, Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы

Дербес кассациялық соттарды құру заман талабы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап, еліміз сот-құқықтық реформаларды...

Алқабилердiң құқықтық жағдайы және олардың мәртебесi

           Қабылданып жатқан заңдарға көз тігетін болсақ, Қазақстан Республикасында...

Процестегі тәртіп: кім және қалай қамтамасыз етеді?

           Сот залы – әділдік пен заң үстемдік құратын...

Неке бұзудың қоғамға зияны

Отбасы – қоғамның іргетасы, ұлттың ұйытқысы. Мықты мемлекет –...

Моральдық және материалдық зиянды өтеу

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне (әрі қарай – АК) сәйкес,...