12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ең тиімді тетіктер іске қосылды

ӨТКЕН ЖЫЛЫ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫН РЕФОРМАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ ҚАБЫЛДАНҒАНЫ БАРШАҒА АЯН. ОНДА ХАЛЫҚТЫҢ БАСПАНА ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ ТЕТІКТЕРІ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚАМТЫЛДЫ. СОҒАН ОРАЙ АЙТСАҚ, СОҢҒЫ БЕС ЖЫЛДАН БЕРІ БАСПАНАСЫЗ ЖҮРГЕН БАРЛЫҚ АЗАМАТ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ МҰҚТАЖДАР ЕСЕБІНЕ ТҰРУ ҚҰҚЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ.

Заңға сəйкес, бүгінде тұрғын үйді есепке қою жəне бөлу жұмысымен жергілікті атқарушы органдар айналыспайды, бұл функция «Отбасы банк» АҚ базасында құрылған Ұлттық даму институтына өтті. Тағы бір өзгеріс, ҚР Индустрия жəне құрылыс министрлігі тұрғын үй кезегінде тұрғандарды түгендеудің жаңа ережесін енгізді, яғни, кезек күту тізімі бұрынғыдай жылына емес, тоқсанына бір рет, жылына төрт рет жаңартылып, қаралатын болды. Кезек тізімінің қысқа уақытта жаңартылуы ондағы өзгерістерді жедел анықтауға мүмкіндік беріп қана қоймай, үй бөлудегі əділеттілікті қамтамасыз етеді. Бұған қоса «бірыңғай терезе» қағидатымен жұмыс істейтін «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесі құрылды, соның негізінде азаматтар өтініштерін онлайн форматта бере алады жəне баспана бөлу процесі автоматтандырылды. Ең бастысы, сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы баспананы екі жəне бес пайыздық ипотекамен алу мүмкіндігі туды. Бұл жеңілдік табысы төмен мұқтаж азаматтарға ғана беріледі. Бұл ретте премьер-министр Олжас Бектенов, барлық жалға берілетін жəне кредиттік тұрғын үйлердің 70 пайызын бірінші кезекте халықтың əлеуметтік жағынан осал топтары алатынын айтқан болатын. Тұрғын үй саясатын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар нəтижесіз емес. Солардың бастысы «Нұрлы жер» мен «7-20-25» бағдарламалары қазақстандықтардың баспана мəселесін шешуінде негізгі қозғаушы күшке айналды. Мысалы, «7-20-25» бағдарламасымен 7 пайыздық несиені 20 пайыз алғашқы жарнамен 25 жылға алуға болады. «Өз үйім», «Ұмай», «Бақытты отбасы», «Жасыл ипотека», «Наурыз», т.б. мемлекеттік бағдарламалардың барлығында еліміздегі əрбір отбасыға баспана алудың ең тиімді мүмкіндіктері қарастырылған. «Наурыз» жəне «Отау», сондай-ақ, ауылдық жерлерге арналған «Асыл мекен» ипотекасын мемлекеттік бюджетпен бірге «Отбасы банк» жеке қаражатымен қаржыландырады. Айтып өтерлігі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының орнын бүгінде Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы алмастырды. Тұжырымдамада «Отбасы банк» арқылы жалға берілетін пəтерді сатып алу, несиенің жеңілдетілген тəсілін пайдалану, сондай-ақ, жалға берілетін тұрғын үй құнының бір бөлігін субсидиялау, тұрғын үй құрылысына жеке инвестициялар тарту, тұрғын үй құрылысындағы үлестік салымдарды қорғауды қамтамасыз ету секілді ауқымды шаралар көзделген. Осы тұста үй кезегінде тұрғандарға əлеуметтік ипотеканың берілу тəртібіне тоқталып өткен артық болмас. Өйткені, өткен жылы тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сəйкес, жергілікті атқарушы органдарда үй кезегінде тұрған азаматтарға əлеуметтік ипотека беру тəсілі өзгертілген болатын. Əлеуметтік ипотекаға он пайыздық алғашқы жарнаны төлеу мүмкіндігі бар азаматтар қатысады, мұнда 2-5 пайыздық несие 20 жылға дейін беріледі. 2 пайыздық ипотеканы I жəне II топта мүгедектігі бар адамдар мен мүмкіндігі шектеулі балаларын тəрбиелеп отырған отбасыларға, жетім, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне, бұрын «Батыр ана» атағын алған жəне I жəне II дəрежелі «Ана даңқы» орденмен марапатталған көпбалалы аналарға беру көзделген. Аталған санаттың барлығында кіріске, сондай-ақ, несиенің ең жоғарғы сомасына шектеу қойылмайды. Бірақ, əлеуметтік пəтердің максималды ауданы 80 шаршы метрден аспауы тиіс. Ел болашағы жастарды баспанамен қамтамасыз ету мəселесіне де айрықша назар аударылған. Бұл ретте жастарға арналған арендалық тұрғын үй бағдарламасын айтуға болады. Осы арқылы жастарға пəтер белгілі бір мерзімге жалға беріледі. Бұл олардың өз үйінде тұрып, қаржы жинау мүмкіндігін арттырады. Арендалық тұрғын үй бағдарламасы жұмыс істейтін жастар мен студенттерге, сондай-ақ, жас отбасыларға арналған. Жалға алу шарттары тиімді, төлемақы нарық бағасынан айтарлықтай төмен. Сонымен қатар, «Отбасы банк» облыс əкімдіктерімен бірге, жұмыс істейтін жастарға арнап, елдің 16 өңірінде арнайы ипотекалық бағдарламаларды іске қосуда. Енді жастар 10 пайыздық алғашқы жарнамен 19 жылға дейін 5 пайызбен несие алып, баспаналы бола алады. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі азаматтар қатысады. Сондай-ақ, жастар үшін арнайы квоталар қарастырылған республикалық тұрғын үй бағдарламалары да бар. Мемлекеттік бағдарламаға қатысу туралы өтінімдер otbasybank.kz порталында азаматтардың тұрғылықты жері бойынша қабылданады. Тəуелсіздік алғалы құрылыс саласындағы рекордтық көрсеткіш өткен жылы тіркелді, мысалы, былтыр елімізде 18,96 млн шаршы метр тұрғын үй бой көтеріп, нəтижесінде 172 089 отбасының қоныс тойын тойлауына мүмкіндік берген. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың тұрғын үй саясаты үшін бетбұрыс жылы болғанын көрсетеді. Жаңа заңның арқасында мемлекеттік тұрғын үйді жалға алып отырған 71 мыңға жуық азамат пəтерлерін жекешелендірді. Ипотекалық қарыздар бойынша бастапқы жарнаны жабуда азаматтарға тұрғын үй сертификаттарының берілуі де үлкен мүмкіндк. Жалпы алғанда былтыр «Наурыз», «Отау» мемлекеттік бағдарламалары 10 мыңға жуық отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартқан. Мемлекет тарапынан 64 мың отбасыға 1 трлн теңге бөлінген. ҚР Индустрия жəне құрылыс министрлігінің жоспарына сəйкес, жыл соңына дейін елімізде 175 мың тұрғын үй салынады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында елімізде жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жыл сайынғы көлемі өсуде. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз» деді. Бұл ретте ипотекалық несие, əлеуметтік баспана, сондай-ақ, жеке секторды қолдау сынды көптеген шаралар тұрғын үй нарығының тұрақты дамуын жылдан-жылға қамтамасыз етуде.

А. ЖОЛСАРЫҚЫЗЫ, журналист

Школьников Алматинской области начнут обучать правовой культуре

В новом учебном году в школах и колледжах начнут...

Алматы облысында мектеп оқушыларына құқықтық мәдениет оқытылады

Жаңа оқу жылынан бастап Алматы облысының мектептері мен колледждерінде...

ӨЛЕҢДЕГІ ХАНТӘҢІРІН ІЗДЕП ӨМІР КЕШКЕН АҚЫН

Бастағы қайғым жайлы, Мұңым жайлы, Өткерген өксуменен күнім жайлы, Кестелеп қуанышты сәттерімді, Бозторғай-өлеңдерім...

Амнистия аясында: №64 мекемесінде сотталғандарды босату басталды

2025 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған...