«Ең үздік қабырға газеті» атты шығармашылық байқау өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты әйелдер колониясында Қозы Көрпеш — Баян Сұлу күніне орай ұйымдастырылған «Ең үздік қабырға газеті» атты шығармашылық байқау өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасыға деген сүйіспеншілікті және сотталғандардың өзара қарым-қатынасын нығайту, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ жағымды эмоциялық көңіл-күй қалыптастырып, арнайы контингент арасында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды күшейту болды.

Байқауға мекеменің төрт жасағынан қырықтан астам сотталған әйел қатысты. Әрбір команда махаббат тақырыбында қабырға газетін дайындап, онда көркемдік және әдеби элементтерді пайдалана отырып, ұжымдық жұмысты және қатысушылардың белсенділік деңгейін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша командалар «Ең үздік сурет», «Ең мазмұнды қабырға газеті», «Ең креативті жұмыс», «Көрермен көзайымы» номинациялары бойынша марапатталды. Жеңімпаздарға мекеме әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

— Мұндай іс-шараларға қатысу бос уақытты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, шығармашылық дағдыларды дамытады және сотталғандардың эмоциялық жағдайына оң әсер етеді, — деп бөлісті қатысушылардың бірі.

— Мәдени-тәрбиелік іс-шараларды өткізу сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне, олардың тұлғалық әлеуетін дамытуға және заңға бағынушылық мінез-құлық қалыптастыруға ықпал етеді. Жалпы алғанда, бұл олардың түзелу процесіне оң әсерін тигізеді, — деді сотталғандармен тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Айнұр Искакова.

Айта кету керек, мекемеде сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған мәдени-тәрбиелік және профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Шанс на новую жизнь: как в области Абай осужденный встал на путь исправления

В области Абай осужденный, ранее приговоренный к лишению свободы...

Состоялся творческий конкурс «Лучшая стенгазета»

В женской колонии уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялся...

Семей колониясында үздік психологиялық қабырға газеті байқауы өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №19 мекемесінде жазасын өтеп...

Конкурс на лучшую психологическую газету провели в колонии Семея

Среди осужденных, отбывающих наказание в учреждении №19 Департамента УИС...

Сотталғандар арасында психологиялық қабырға газеті сайысы өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы №21 мекемеде өткен ерекше рухани...