Дубайда қазақстандықтардың миллиард долларлық жылжымайтын мүлкі бар – зерттеу

1,5 мың қазақстандықтың Дубайда құны миллиард доллардан астам болатын жылжымайтын мүлкі бар. Мұндай мәліметті EU Tax Observatory (Еуропалық салық обсерваториясы) сарапшылары мамырдағы есебінде келтірген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарияланған есепте сарапшылар Дубайдағы 800 000 жылжымайтын мүлік иелері туралы деректерді талдаған.

«Дубайдағы оффшорлық жылжымайтын мүлік үлесі өте үлкен: кем дегенде 146 миллиард долларды шетелдіктер жылжымайтын мүлік нарығына жалған компаниялар арқылы инвестициялады, бұл Лондондағыдан екі есе көп. Географиялық орны мен байланыстары бұл қаладағы шетелдік инвестицияны анықтайтын негізгі фактор саналады», — делінген құжатта.

Зерттеу деректеріне сәйкес, Дубайдағы 1 550 қазақстандық құны 1,018 миллиард доллар болатын 2 694 мүлкке иелік етеді. Орта есеппен қазақстандықтар бір жылжымайтын мүлікке 377 989 доллар жұмсаған.

Салыстыру үшін, БАӘ-нің ең ірі қаласында 5 381 ресейлік жалпы сомасы 3,344 миллиард болатын 9 755 жылжымайтын мүлікке иелік етеді.

Қырғызстан азаматтары арасында Дубайда жылжымайтын мүлкі бар 106 адам бар, олардың жалпы құны — 102 миллион доллар, 236 нысан.

Анықтама: 2020 жылы Еуропалық комиссия EU Tax Observatory деп аталатын жаңа еуропалық қоғамдық ұйымды құруға 1,2 миллион еуро бөлген. ЕО салық обсерваториясының мақсаты — әлемдегі салықтан жалтару және ақшаны жылыстату мәселелеріне назар аудару.

Қоғамдық орын ластанған: Түркістан облысында 5 тонна қоқыс тастаған тұрғындар анықталды

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын...

Профилактические работы в сфере законодательства о государственной службе

Сегодня Департаментом Агентства по делам государственной службы по г.Алматы...

Борьба с киберпреступностью

СИСТЕМНАЯ ПРОФИЛАКТИКА ИНТЕРНЕТ-ОБМАНА В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ НАБИРАЕТ ОБОРОТЫ. МЕСТНАЯ...

Реализация проектов в действии

В ХОДЕ РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКИ АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ БЕРИК УАЛИ...

К 100-летию выдающегося режиссера

ТОРЖЕСТВЕННОЕ ОТКРЫТИЕ МЕРОПРИЯТИЙ, ПОСВЯЩЕННЫХ 100-ЛЕТИЮ ВЫДАЮЩЕГОСЯ КАЗАХСКОГО РЕЖИССЕРА, ЗАСЛУЖЕННОГО...