Досаев Алматы метросының жаңа екі станциясы қашан іске қосылатынын айтты

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы жаңа екі метро станциясы қашан іске қосылатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

Досаевтың айтуынша, жаңа «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» станциялары биылғы мамыр айында іске қосылады.

«Биылғы мамыр айында ашуды жоспарлап отырған екі метро станциясы күнделікті жолаушылар ағынын 30 мыңнан 86 мыңға дейін арттырады», — деді қала әкімі.

Досаев биыл қалада екі жолайрық пен Әуезов көшесін ұзарту жұмыстары аяқталатынын, Алматыда кемінде 100 шақырым жаңа жол салынатынын және әл-Фараби даңғылындағы құны екі миллиард теңгеге бағаланған жөндеу жұмыстарын тоқтатып, бұл ақшаны басқа мақсаттарға бағыттағанын айтты.

Еске салайық, өткен жылдың 30 желтоқсанында «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станцияларының техникалық іске қосылуы өткен еді.

«Сарыарқа» станциясы «Фэмили» паркінің ауданында орналасқан, терең төселген, пилон типті, қозғалысы шектеулі топтары үшін 2 лифті, 8 экскалаторы бар екі кіру тобынан тұрады.

«Бауыржан Момышұлы» станциясы Абай даңғылының астында, Б. Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. Шағын құрылыс станциясы, колонна типті. Ол екі жерасты лоббиінен және алты кіру тобынан тұрады. 6 лифт және 15 эскалатор қарастырылған.

КҮЗЕТПЕН ҰСТАУ ТҮРІНДЕГІ БҰЛТАРТПАУ ШАРАСЫН ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ

1. Кіріспе Күзетпен ұстау – қылмыстық процестегі ең қатаң бұлтартпау...

Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таза әрі пайдалы жапырақты көкөніс түрлерін...

Тоқаев Алматы облысының экономикалық өсімін атап өтіп, Марат Сұлтанғазиевтің жұмысына оң баға берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының жұртшылық өкілдерімен кездесуде...