Доллар бағамы 497 теңгеден асты

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы өсті. Ұлттық банк 4 наурыздағы америкалық валюта бағамын атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Таңертеңгілік сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 3,59 теңгеге көтеріліп, 497,02 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банк бекіткен 4 наурыздағы доллардың ресми бағамы 492,28 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу 498,88 теңге, сату 503,66 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 499,72 теңгеден сатып алынып, 503,09 теңгеден сатылып жатыр.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....