Дмитрий Баландин спорттағы мансабын аяқтады

2016 жылы Рио де Жанейрода өткен Олимпиадада жүзуден чемпион атанған қазақстандық Дмитрий Баландин кәсіби мансабын аяқтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, 200 метр қашықтыққа брасспен жүзуден Олимпиада чемпионы атанған Дмитрий Баландиннің кәсіби мансабын аяқтау жөнінде шешім қабылдаған.

Алматы тумасы Кореяның Инчхон қаласында өткен 2014 жылғы Азиаданың үш дүркін чемпионы және Кванджу қаласындағы 2015 жылғы универсиада жеңімпазы.

Осы жылдың қыркүйегінде қазақстандық спортшы үйленген болатын.

Дихан Қамзабекұлы: «Соңғы жеті жылда ғылымды қаржыландыру 3,6 есе өсіп, 261,5 млрд теңгеге жетті»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ҮНДЕУІ Қымбатты отандастар! Бір айдан соң Қазақстан Тәуелсіздігінің...

№68 мекемесінде «Суицидке жол жоқ!» тақырыбында іс-шара өткізілді

Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ НЕГІЗГІ ҚАЗЫҒЫНЫҢ БІРІ

Тіл – әрбір ұлттың рухани байлығы, тарихы мен мәдениетінің...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани байлығы мен мәдени...