Діни-интеллектуалды білім сайысы

Ағымдағы жылдың ақпан айының 12-і Атырау облысы бойынша ҚАЖД #79 мекемесінде “Шапағат” ҚҚ өкілдерінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың асыл тәжі болған Пайғамбарымыз ﷺ ды терең таны» атты діни-интеллектуалды білім сайысы ауқымды көлемде өткізілді.
Шараға жалпы саны 35 сотталған азаматша қатысып, 3 топқа бөлінді.
5 кезеңннен тұратын сайыста қатысушылар өзара Пайғамбарымыз ﷺ ның өмірбаянына қатысты сұрақтарға жауап беру арқылы білім бәйгесінде бақ сынасты.
Сайыс қорытындысы бойынша:
1 орынды — «Тәуекел» тобы
2 орынды — “Бірлік» тобы
3 орынды — «Ынтымақ» тобы иеленді.
Шара соңында қатысушыларға “Алғыс хат” пен сыйлықтар табыс етілді.

Өмір – басты құндылық

2026 жылғы 10 қыркүйекте №21 мекемесінде Дүниежүзілік суицидтің алдын...

Орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың туыстарымен бейне кездесулер ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың жақын...