Әділет Тойбаев БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Әділет Тойбаев БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің бұйрығымен Әділет Жүнісұлы Тойбаев ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Әділет Тойбаев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2008 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы болып бастаған. 2008-2009 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әдістемелік бөлімнің меңгерушісі, академиялық мәселелер жөніндегі директоры қызметтерін атқарған. 2011-2017 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректоры болған. 2017-2018 жылдары Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің бірінші проректоры-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, ал 2018 жылдан бастап қазірге дейін ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры қызметін атқарған.

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...

Қазақстанда инфляция төмендеуін жалғастыруда

2026 жылғы қыркүйекте айлық инфляция тамыз айындағы деңгейде сақталып,...

Сапалы білім-елдің интеллектуалдық дамуының негізі

Қазіргі әлемде мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстарымен ғана емес,...

В учреждении №74 состоялись соревнования по национальной игре «Арқан тарту»

В рамках спортивных мероприятий среди осужденных, посвященных VI Всемирным...

«Шекарасыз оқу» жобасы аясында тәрбие жұмыстары өткізілді

«Шекарасыз оқу» жобасы аясында сотталғандар арасында тәрбиелік мәні бар...