Детектив шығармалар байқауы мәресіне жетті

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында (Алматы қаласы Абай көшесі 14 үй, Абылай хан даңғылының қиылысы) 15 желтоқсан күні сағат 11:00-де детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтеді. Бұл шара биыл үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

Қазақ прозасының кенжелеп қалған жанрын жандандыру  мақсатында қолға алынған байқау жылдан жылға танымал болып, көпшілік арасында үлкен беделге, сұранысқа ие болып келеді. «Заң» медиа-корпорациясы» ЖШС ұйымдастырған байқауға алғашқы жылы еліміздің түкпір-түкпірінен 70-тен астам үміткер өз шығармасын жолдаған еді. Ол кезде шығармалар тек мемлекеттік тілде қабылданған болатын. Ал екінші жылы Алматы қалалық соты жүлде қорын молайтып, 3 млн теңгеге жеткізді. Соған орай шығармалар қос тілде, қазақша және орысша қабылданған еді.

Биыл жақсы іс жалғасын тауып, байқау үшінші жыл жария етілді. Белгілі меценат, кәсіпкер Бағдат Мәнізоров демеуші болып отырған байқауға бір жарым айдың ішінде 61 шығарма қабылданды. Әрине, барлық салаға залалын тигізіп, кедергісін келтіріп отырған коронавирус індетінің салқыны біздің байқауымызды да айналып өткен жоқ. Соның кесірінен бәйгені кеш бастауымызға тура келді. Бұған қоса, аймақтарда тұратын жүлдегерлерді де Алматыға жинап, ұтысын өз қолына табыстау біраз қиындық тудырары анық. Дегенмен, осындай қиын-қыстау кезде «Заң» медиа-корпорация» ЖШС қызметкерлерінің өтінішіне құлақ асып, детектив шығарма жазып жүрген қаламгерлерді қолдауға ниет білдірген Бағдат Мәнізоровқа алғысымыз шексіз.

Құрметті әріптестер! БАҚ өкілдері! Сіздерді Ұлттық кітапханада өтетін байқау қорытындысын бірге тамашалап, жүлдегерлер қуанышын бірге бөлісуге шақырамыз!

Ұйымдастырушы жөніндегі мәлімет: «Заң» медиа-корпорациясы» ЖШС-і – 1994 жылы құрылған. Ол еліміздегі құқықтық салаға арналған бірден-бір республикалық  2 газет («Заң газеті» және  «Юридический газета») пен 2 ғылыми журналдың («Заң» және «Фемида»), zanmedia.kz сайтының шығарушысы.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.