spot_img
spot_img

Деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары өткізілді

Бүгін аудандық пробация қызметі және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация қызметі тізімі жастар арасында діни сауаттылықты арттыру және деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге аудандық орталық мешіттің наиб имамы мен жастар орталығының осы салаға жауапты маманы қатысты.

Шара барысында мамандар жастарға дәстүрлі дін мен деструктивті ағымдардың айырмашылығы, олардың қоғамға тигізетін зияны туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, дұрыс діни ақпаратты қайдан алу керектігі, радикалды идеологиялардың алдын алу жолдары талқыланды.

Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша мамандардан нақты жауап алды.
“Бүгінгі өткен кездесу мен үшін өте пайдалы болды. Бұған дейін дін туралы көп нәрсені білмейтін едім, әсіресе дәстүрлі дін мен түрлі ағымдардың айырмашылығы жайлы. Мамандардың түсіндірмесі арқылы қай жерден дұрыс ақпарат алу керектігін, теріс идеологиялардың қалай әсер ететінін жақсы түсіндім.
Мен бұрын қателікке бой алдырған адам ретінде, енді қайта жаңылмауым үшін дұрыс жолды таңдауға тырысамын. Осындай шаралар бізге қоғамға қайта бейімделуге көмектеседі деп ойлаймын. Осындай кездесулер жиі болып тұрса, көп адамға пайдасы тиер еді.Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз,- деді есептегі азамат.

Қызылорда облысында пробация есебіндегі тұлғалармен профилактикалық іс-шара жалғасуда

Қазақстан Республикасы аумағында 2025 жылдың 10-23 ақпан аралығында “Есепте...

Қызылордада сотталғандарға жаңа жұмыс орындары ашылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде жазасын өтеушілерді...

Проведен духовно-интеллектуальный образовательный конкурс

12 февраля текущего года в учреждении #79 ДУИС по...

Діни-интеллектуалды білім сайысы

Ағымдағы жылдың ақпан айының 12-і Атырау облысы бойынша ҚАЖД...