Деструктивті діни ағымдарға тарту тақырыбында психологпен кездесу

2022 ж. 02.08 күні пробация қызметі бөлімі Ғ.Мүсірепов атындағы аудан кітапханасының қызметкерлерімен бірлесіп «Демеу» балалық шақ мәселелері
жөніндегі үйлестіру орталығының клиникалық психологы Р. С. Баймұхаметовамен кездесу ұйымдастырылды, ол деструктивті діни ағымдарға араласу мәселесін талқылауды басты тақырыбы ретінде алып, сотталғандар арасында ақпараттық- түсіндіру жұмысын өткізді. Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адамның физикалық және психикалық денсаулығына қауіп
төндіреді. Психолог атап өткендей, деструктивті діни ағымдарға тартылуға бейім ең ықтимал тұлғалар- отбасында және ұжымда проблемалары бар психологиялық жағынан тұрақсыз, девиантты әлеуметтік мінез-құлыққа бейім, сондай-ақ діни көзқарастары мен идеологиялары нашар қалыптасқан адамдар.

Мінез-құлықтың кез келген үлгісі балалық шақта қалыптасады. 4-5 жасында
бала басқалармен қарым-қатынасын анықтайтын ақпаратты меңгереді.
Мүшелері бір-біріне қамқорлық көрсететін және көңіл бөлетін толық отбасы
бала психикасының қалыптасуына жағымды әсер етеді, конструктивті мінез-
құлық негіздерін қалыптастырады. Осылайша, сауатты тәрбие, сүйіспеншілік
пен жылулықты алмаған адамдар тәуекел топтарына ұшырайды.

СҚО бойынша ҚАЖД
Ғ.Мүсірепов ат. аудандық ПҚБ
ювеналдық тобының инспекторы
әділет лейтенанты
Д.Р. Белялова

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...