12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Дерек пен дәйек: Оқиға қалай басталды?

Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады.

2 қаңтарда Маңғыстау облысында газ бағасы көтерілуіне наразы жұрттың митингілері өткенін, Үкімет бұл мәселені шешу үшін нақты шаралар қабылдағанын, алайда наразылар алаңнан кетпей басқа талаптарын айта бастағанын мәлімдеді. Оқиға орнына елдің сол кездегі Премьер Министрі барғанын, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін жеткізді. Көтерілген мәселелерді шешу үшін нақты шешімдер ұсынылды, бірақ талап етушілер келіспеді.
Оның үстіне, облыс орталығында және аудандарда наразы көңіл-күйдегі көптеген азамат жиналды. Наразылық акцияларына мұнай өндіру кәсіпорындарының вахталық жұмысшылары қосылды.
Демонстранттар билік пен құқық қорғау органдарының өкілдеріне қарсы агрессия танытқан. Полицияның қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу бойынша заңды талаптарына мойынсынбады.
4 қаңтарда елдің көптеген өңірінде бір уақытта 500-ден 4 мыңға дейін азаматтар тобы жиналды, биліктің түсіндіру жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, наразылар әкімдікті қарумен басып алуға көшті. Салдарынан Атырау, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының әкімдіктері және Семей қаласының әкімдігі, құқық қорғау органдарының ғимараттары басып алынды. Мұнымен қатар, тағы бес облыстың әкімдік ғимараттарына шабуыл жасалды.
Басып алушылар әкімшілік ғимараттарды қиратып, өртей бастады, қызметтік көліктер өртенді, мүлік ұрлау, кінәсіз азаматтарды, әскерилер мен полицейлерді ұрып-соғу басталды.
Полиция қызметкерлері арнайы құралдарды, адам өліміне әкеп соқпайтын қару пайдалануға мәжбүр болды.
Әсіресе, Алматыдағы жағдай күрделене түскен. Мұнда митингіге шыққандар ешқандай да талап қоймай, келіссөзден бас тартқан.
Полиция заңсыз шеруді тоқтату үшін бұғаттауға көшті. Алайда көптеген наразы топ қаланың әр бөлігінде патрульдік жасақтарға шабуыл жасады. 7 қару-жарақ дүкенін басып алып, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді иеленіп алды.
Қоғамдық көліктерді басып алды, коммуналдық техниканы тартып алды, сол көліктермен тәртіп сақшыларының көліктерін соқты, қызметкерлерге жанғыш сұйық лақтырды, қарумен оқ атты. Қызметтік автокөліктерді өртеді, өрт сөндіру көліктеріне шабуылдады.
Сонымен қатар, қақтығыс орындарына көмек көрсетуге асыққан жедел жәрдем көліктерін өткізбей қойды.
Осыдан кейін шабуылшылар қала әкімдігіне және телеарна ғимараттарына бірнеше рет басып кірмек болды. Шабуылшылардың көп болуына қарамастан, полицейлер мен әскерилердің батыл әрі сауатты әрекеттерінің арқасында наразылардың әрекеті жүзеге аспаған.
5 қаңтарда Алматының айналасынан 20 мың шамасында ұйымдасқан топ қаланың орталық алаңына келіп, тағы да әкімдік ғимаратын басып алуға әрекет жасады. Олар бұл жолы қаруланып, ұйымдасқан түрде әрекет етті. 
Саны жағынан басым болғандықтан қорғаныстың бірнеше шебін бұзып өтіп, ғимаратқа кіріп кетті. Наразылардың көптігіне байланысты полиция кездейсоқ өлім жағдайларының алдын алу үшін шегінуге мәжбүр болды. Осы кезде мүлік тоналып, ғимаратты өртеу оқиғасы болды.
Полиция қызметкерлері мен әскери училище курсанттары соққыға жығылып, қорланды, олардың арнайы құралдары мен формасы тартып алынды. Қарулы қылмыскерлер қала көшелерінде бейберекет оқ атып, полиция қызметкерлерін, әскерилерді және кездейсоқ тұрғындарды өлтірді.
Сауда және ойын-сауық орталықтарында, қаржы мекемелерінде дүрбелең жасап, банкоматтарды тонады, тауар-материалдық құнды заттарды ұрлады. 
Шамамен 800 қылмыскер халықаралық әуежайды басып алды, салдарынан барлық рейс тоқтатылған, наразылар әуежай ғимаратындағы бутиктерді, дүкендер мен кассаларды тонаған.
Наразы топтар кәсіби машықтанғанын көрсетті. Олардың әрекетінде тәртіп пен ұйымдасу элементтері байқалды. 
Наразы топтар болған жерлерінде әуелі бейнебақылау камераларын істен шығарып, өтер жолды жауып тастап, айналаға бақылаушыларын қойып отыр­ған. Өзара байланысу үшін радиостанцияларды қолданған.
6 және 7 қаңтарда Тараз бен Талдықорғанда аса ауыр қылмыстар бойынша сотқа тартылғандар отырған тергеу изоляторларына бірнеше рет қарулы шабуыл жасалған. 
Қаруды қолды қылу үшін осы уақытта Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы, Шымкенттегі өңірлік полиция департаменттерінің ғимараттарына қарумен, жанғыш сұйықпен шабуылдар болған. Ал Алматыда полиция департаменті мен оның аудандық үш бөлімшесіне басып кіру әрекеттері болған.
Сонымен қатар, әскери бөлімдер мен блокбекеттерге шабуыл жасалды. Бұл әрекет қару-жарақ пен ұрыс тех­никасын қолды қылу мақсатында жасалды.
Жалпы ел бойынша тәртіпсіздіктер барысында 400 данадан аса автокөлік бүлініп, жойылды, оның ішінде 346-сы ішкі істер органдарына тиесілі. Мародерлер 100-ден аса ірі сауда мен банк нысанын тонады.
Қылмыскерлер билік органдарының абыройын түсіру үшін полиция қызметкерлерінің, әскерилердің формасын киіп, заңға қайшы әрекеттер жасады.
5 қаңтарда Алматы мен Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимі жарияланды.
6 қаңтарда Қазақстан бойынша ТЖ енгізілді.
Елде билік өкілдеріне қарсы күш көрсетудің, бұзақылықтың, кісі өлтірудің барлық дерегі бойынша тәртіп орнату үшін, сондай-ақ қарақшылық пен тонау әрекеттерін тоқтату үшін 125 соталды тергеу басталды.
8 мыңдай адам полицияға жеткізілді, олардың ішінде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 134 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. 516 адам әкімшілік қамауға алынды. Қалғандарына қатысты тексеру және жедел шаралар жүргізіліп жатыр.
Мемлекеттік шекарадан заңсыз өту әрекеті кезінде шамамен үш жүз адам ұсталған, олар автокөліктермен және жаяу елден кетпек болған. Олардан қару-жарақ тәркіленді, ұрланған материалдық құнды заттар алынды, оның ішінде ұялы телефондар, отандық және шетел валютасындағы ірі мөлшердегі қаражат бар.
Қазіргі уақытта елде заңдылық пен тәртіпті қалпына келтіру үшін контртеррористік операция жалғасып жатыр.
Бүгінге дейін елдің барлық өңірінде жағдай тұрақталды. Тәртіп сақшылары жаулап алынған әкімдік ғимараттарын түгелдей босатты. Коммуналдық және тыныс-тіршілік жүйелері нысандарының жұмысы қалпына келіп жатыр.

Әйелдер түзеу мекемесінде жұмыс кеңесі өтті

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 79 мекемесінде сотталғандардың...

«Встреча у ворот»

Социальный проект «Встреча у ворот» проведен в колонии №21...

«Қақпа алдындағы кездесу»

Абай облысындағы Қылмыстық атқару жүйесінің №21 мекемесінде «Қақпа алдындағы...

Правонарушитель своим трудом заглаживает ущерб, нанесенный им обществу

Общественные работы — это наказание, при котором человек имеет...

Құқық бұзушы өзінің еңбегімен қоғамға келтірген залалды түзетеді

Қоғамдық жұмыстар - бұл адамның өз жұмысын, отбасын, әдеттегі...