12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Дербес кассациялық соттар жұмысын бастайтын кез жақын

Сот саласындағы реформалар үздіксіз жалғасуда. Биылғы жыл қазақстандық сотта дербес үш кассациялық соттың құрылып, жұмысын бастауымен есте қалмақ. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай қолға алынған азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соттарға жүктелер жауаптылық жоғары. 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап қызметіне кіріскелі отырған бұл соттарға жұрт үлкен қызығушылықпен көз тігуде. Өйткені кассациялық соттар бұрынғыдай таңдап қарау тәсілімен емес, жаппай қарау әдісімен жұмыс істеп, әр істі үш судьядан тұратын алқаның қарауымен ерекшеленбек.

Заңдағы өзгерісте дәйектелгендей, аппеляциялық алқаның қаулысына қанағаттанбаған тараптар кассациялық сотқа шағымдана алады. Бұл соттар төменгі сатыдағы сот шешімдерін қабылдау кезінде заңдардың дұрыс қолданылуына мән береді. Яғни, кассацияға төменгі органдар шығарған сот шешімдерін қадағалау және түзету құзыреті беріліп отыр.

Кассациялық сот – заң тәжірибесінде маңызды рөл атқарып, құқықтық жүйенің дамуына ықпал етеді. Мұндай сот жалпы юрисдикциядағы соттар жүйесінде соңғы шешуші инстанция рөлін атқарады. Ал істер кассациялық сотта қаралғаннан кейін шешімге шағымдануға мүмкіндік жоқ екенін ескерген жөн. Осы тұрғыдан алғанда кассациялық соттың шешімі түпкілікті және міндетті болып табылады.

Кассациялық сот – сот жүйесін заңсыз шешімдерден тазартады. Төменгі сатыдағы соттың шешімі заңсыз немесе негізсіз деп танылса, кассациялық сатыдағы сот оның күшін жойып, істі жаңадан сот талқылауына жіберуі немесе түпкілікті шешім қабылдауы мүмкін. Осылайша, кассациялық сот заң тәжірибесінде, прецеденттерді белгілеуде, құқықтық тәжірибені қалыптастыруда және дауларды шешуге ықпал етуде маңызды рөл атқарады.

Г.Мадиева,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...