12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Дербес кассациялық соттар – азаматтар сенімінің кепілі

Азаматтар өз құқығы мен бостандығының мінсіз қорғалғанын, сапалы қаралғанын қарайды. Бұған еліміздің бас құжаты – Конституцияда да толық кепілдік берілген. Алайда бүгінгі күнге дейін елімізде «таңдап қарайтын кассация» жұмыс істеді. Соған орай қылмыстық және азаматтық істердің тек 5 пайызы ғана кассациялық алқаның қарауына түсетін.

Себебі бірінші сатыда оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған, татуласу рәсімдерімен аяқталған, соның ішінде талап қою сомасы 2000 АЕК-тен кем болған кезде жеке тұлғалардың ісі кассацияда қаралмайтын. Сол сияқты,  талап қою сомасының көлемі 30 000 АЕК-ден кем болған кезде заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты байланысты істер де кассацияның таразына салынбайтын.  Мұндай тәртіптің орнығуы сәйкесінше қарапайым азаматтардың сот жұмысына деген өкпе-ренішін тудырды. Президенттің отандық кәсіпкерлермен өткізген басқосуы барысында да бұл мәселе талқы тақырыбына айналып, көпшілік пікіріне құлақ түрген Мемлекет басмшысы: «Кассациялық алқада қаралатын істер аз, ол азаматтардың қажеттіліктеріне сәйкес келмейді. Сондықтан дербес кассациялық инстанция құру мәселесі бойынша заң және кәсіпкерлік қоғамдастықпен консультациялар өткізу қажеттілігі пісіп-жетілді» деп құзырлы орындарға үлкен міндет жүктеген болатын.

Міне, осы Президент тапсырмасына сай кассациялық алқаның жұмысын жақсы бағытқа өзгерту, халықтың талап-тілегіне сай дамыту бағытында ауқымды ізденістер жасалды. Көптеген елдердің кассациялық сатыларының жұмысы зерделеніп, оны отандық сот төрелігінде қолданудың артықшылығы мен кемшілігі сараланды. Осылайша биыл «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына 2024 жылдың 5 шілдесінде 109-VIII Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, нәтижесінде 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап  үш дербес кассациялық соттың құрылып, жұмыс істейтіні заңдық тұрғыда бекітілді.

Елордасы Астанада құрылған үш кассациялық соттың қандай бағытта жұмыс істейтіні де айқындалған. Кассациялық сот – сот істері мен материалдарын кассациялық сатыдағы сот ретінде қарамақ. Сот практикасын зерделеп, шыққан қорытынды бойынша төмен тұрған сот сатыларына жол көрсету, олардың сот төрелігін іске асыру кезінде заңдылықты сақтауына бағыт беру де  – кассациялық сот міндетіне кіреді.

Жаңа сот сатысы 2025 жылы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша құрылып, апелляциялық сот алқасының қабылдаған актісі негізінде істерді қайта қарайды.

Кассациялық соттың құрылуы – құқық қорғаудың жаңа деңгейі. Бұл сотқа азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың қосымша тетігін қамтамасыз ету міндеті жүктеліп отыр. Осыған орай енді төменгі сатыдағы соттардың шешімдеріне күмәнданған азаматтар Жоғарғы Сотқа дейін бармай-ақ, кассациялық деңгейде өз құқықтарын қорғай алады.

Елімізде мұндай соттардың құрылуы азаматтық істерді қараудағы әділдікті қамтамасыз етіп қоймай, сот жүйесіне деген сенімді арттырады және сот тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік береді деген ойдамыз.

Маржан Суранчиева,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

        Сыбайлас жемқорлық ‑ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...

Кассациялық сот құру – қоғам талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың қыркүйек айында отандық...

ӘСКЕРИ СОТТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘЙЕЛ-СУДЬЯ

«Ақын болу – өз еркің, адам болу – міндетің» деген нақыл сөзді «мамандық таңдау – өз еркің, адал болу – міндетің» деп жалғастырар ем!» Бұл еліміздің құрметті доғарыстағы судьясы Тұрсын Әбсағитқызы Мұқышеваның жүрекжарды сөзі. Заң саласындағы қырық жылға жуық еңбек өтілінің 21 жылы сот төрелігін жүргізуге арналған Тұрсын Әбсағитқызы әскери сот саласында қызмет еткен алғашқы қазақ әйелі.

Материалдық залалды өтеуде нені ескеру керек?

Сот тәжірибесін зерделеу, төрелік алаңында таразы басына салынған істерге...