Депутат спорт саласындағы жаттықтырушылардың жалақысын көтеруді ұсынды

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы футбол клубтарына қатысты мәселені көтерді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутаттың пікірінше, «әлемдегі белді доп додасына жолдама алған жалғыз клуб қалғандарына қорған бола алмайды».

«Мемлекет басшысы жолдауында: «Футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты тездету керек. Мұндай қадамсыз Қазақстанда футбол дамымайтынын әлемдік тәжірибеден көріп отырмыз» деді. Расында, қазақстандық футбол клубтары қақпаға гол салудан гөрі, қазынаға қол салуды жақсы меңгерген. Ал біз олардың бюджетке таласқандай жасыл алаңда допқа таласқанын қалаймыз. Себебі қазіргі нәтижелері қарын ашырады», — деді ол.

Нартай Сәрсенғалиевтің сөзінше, 2024 жылы Қазақстандағы 13 футбол клубын қаржыландыруға 27,3 млрд теңге жұмсалған.

«Қыруар ақша. Бюджет тапшы боп жатқанда футболға ақша таба қалатын өңір басшыларының шешімін шынымен түсінбейміз. Себебі биыл да аяқдоп аямай асапты. Мысалы 2025 жылы премьер-лигада доп тебетін «Ордабасы» футбол клубына 3,2 миллиард теңге бөлінген. «Ақтөбе» футбол клубына 2,1 миллиард теңге, «Қызыл-Жар» клубына 2 миллиард теңге берілген. Жалпы премьер-лигада ойнайтын футбол клубының бәрі бюджеттен ақша алады», — деді ол.

Депутаттың сөзіне сенсек, «Астана» футбол клубы «Самұрық-Қазынадан» 2025 жылға 5,3 миллиард теңге алған.

«Мұнша ақшаны аяқдоптың аяғына тастау ақылға сыймайды. Ол ол ма, бірінші лигадағы футбол клубтарына да бюджеттен қыруар ақша беріледі, алды жылына 1,2 миллиард теңгеден алған. Жалпы есебін айтсам, 2025 жылы премьер-лига футбол клубтарына 24 миллиард теңге, бірінші лигадағы футбол клубтарына 7,7 миллиард теңге берілген. Сәйкесінше Қазақстанның қамбасынан 2025 жылы футболға 31 799 143 000 теңге жұмсалды деп ресми айтуға болады», — деді ол.

Депутат осы орайда «футбол клубтарын жекеге берсек, кемінде осынша қаражатты үнемдеп, оны мұқтаж салаға салуға болады» деген пікірін жеткізді.

Сонымен қатар, Нартай Аралбайұлы спорт саласындағы жаттықтырушылардың жалақысын көтеруді ұсынды. Оның сөзінше, 2025 жылы еңбек жолын енді бастаған жаттықтырушы 117 мың теңге алса, жоғары санатты жаттықтырушы 145 115 теңгеге күн көруге мәжбүр. 

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.