Департамент бастығы марқұм болған ҚАЖ қызметкерінің анасына «Қазақстан полициясына 30 жыл» медалін тақты

8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы 10 жылдан аса ҚАЖ саласында қызмет еткен, 37 жасқа қараған шағында дүниеден өткен әділет майоры Орал Асқарұлының ата-анасына арнайы барып, анасын құттықтап, алғыс хат пен «Қазақстан полициясына 30 жыл» медалін тақты.

«10 жылдан аса ҚАЖ саласында өзінің білімділігін,жігерлігін,біліктілігін көрсетіп, түрлі лауазымдарда абыроймен қызмет еткен Орал Асқарұлының ата-анасына құрмет көрсетіп, елдің азаматы етіп тәрбиелеген Несібелі апамызға жылы лебізімізді білдіріп, алғысымызды айттық. Оралдың есімі әлі де ұмытылмағанын білдіру еді», — деді Шаймерден Тәжіқұлұлы.

Марқұм ұлым артық сөзі жоқ адамдарға көмектесуге, әріптестеріне қол ұшын созуға дайын тұратын еді.Әрине баламның өмірден ерте кетіп қалғаны жаныма батады. Оралдың арманы көп еді.Орнында бар оңалар демекші, екі ұлы да ер жетіп келеді. Сіздерді көріп балам келгендей қуандым, төбем көкке бір елі жетпей қалды деп анасы көзіне жас алды.Сізге және қызметкерлеріңізге шексіз алғыс білдіремін, ұдайы келіп, құрмет көрсетіп, ұлымды естен шығармайсыздар, аман жүріңіздер, – деді Оралдың анасы.

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...

Условно-досрочное освобождение

Условно-досрочное освобождение – это прекращение отбывания наказания до истечения...