Денсаулық жүйесін жетілдіру жолдары

    Тұрақты даму мақсаттары  — 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған және 2030 жылға дейін жүзеге асыруға бағытталған 17 ауқымды мақсаттар жиынтығы. Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты «жақсы денсаулық және әл-ауқат». Бұл мақсат тұрақты дамудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, себебі дені сау және жақсы өмір сүретін қоғам – экономикалық және әлеуметтік дамуға негіз бола алады. Дені сау ұлт-тұрақты дамудың негізі. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекеттер, ұйымдар және жеке тұлғалар бірігіп, қоғамдық денсаулық сақтау жүйелерін нығайтуы, сапалы медициналық көмек көрсетуі және алдын-алу шараларын күшейтуі қажет.Жақсы денсаулық әр адам үшін бақытты және ұзақ өмірдің негізі болса, жалпы қоғам үшін тиімді жұмыс күшін, әлеуметік теңдікті және инновацияларды дамыту мүмкіндігін ұсынады.Осы жайтты ескере отыра,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина және денсаулық сақтау факультетін ашқан болатын. Факультет  бакалавриат, магистратура, резидентура, докторантура – білім берудің барлық деңгейдегі медициналық кадрларды дайындау бағдарламалары халықаралық стандарттарға сай және соңғы ғылыми жетістіктерге негізделіп жүзеге асуда. Сонымен қатар, денсаулық сақтау және оны жақсарту мақсатында жаңа бағдарламалар дайындау, оны жүзеге асыру және ары қарай дамытумен айналысатын шағын және орта бизнес өкілдері, түрлі бағыттағы мамандар мен ұйымдарға қосымша кәсіби білім беру де қарастырылған.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.Бұл ретте Президент тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы бекітіліп, жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, ол 2025 жылға дейін есептелген және төрт түрлі бағытта жүзеге асырылады: Бірінші бағыт – медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру. Екінші бағыт – эпидемиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйесін қалыптастыру. Үшінші бағыт – отандық фармацевтика саласының дамуына ықпал ету. Төртінші бағыт – салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шаралар. Президент болашаққа бағытталған байыпты бағдарлар мен міндеттерді саралау барысында денсаулық сақтау саласына да айрықша назар аудару қажеттігін баса айтты. Еліміздің басты құндылығы – адам. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулықты  сақтау – адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға және халықтың жалпы әл-ауқатын жақсартуға бағытталған негізгі салалардың бірі. Қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы қоғамның тұрақтылығына  үлес қосуға болады.

Сулейменова С.Ж

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі,заң ғылымдарының докторы,профессор

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...