12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Денсаулық саласына 40 жыл ғұмырын арнаған дәрігер

Медициналық статист — керемет мамандықтардың бірі. Бұл медициналық ұйымның жұмысы туралы ақпаратты өңдейтін, есептерді дайындайтын және емдеу мекемесінің жұмысын жоспарлайтын талдаушы. Ол әрбір дәрігердің және жалпы медициналық ұйымның қызметін сандық бағалаумен айналысады.
Соколова Людмила Александровна — медицина саласында 43 жыл еңбек етуде. Алматы облысы Іле аудандық орталық ауруханасында дәрігер — статисттің өте жауапты қызметін атқарады. Жоғары санатты дәрігер, сонау 1982 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын аяқтаған. Кейін жас маман Алматыдағы Республикалық стоматологиялық емханада бір жылдық интернатурадан өтті. Содан бері жарты ғасырға жуық уақыт өткен екен.
Людмила Александровна өзінің бай тарихи-мәдени мұрасымен әйгілі Алтай өңірінде дүниеге келген. ХIХ ғасырдың бірінші жартысында Алтай Ресейде күміс өндіруден бірінші, мыс өндіруден екінші, алтыннан үшінші орынды иеленгені белгілі.
Кеңес дәуірінде Людмила Александровнаның ата-анасы Қазақстанға көшіп келген. Әкесі инженер болып, көп жылдар энергетика саласында жұмыс істеген. Отбасы әрқашан оның жұмысының маңыздылығы мен жауапкершілігін түсініп отырыпты.
«Мен де ғалым Константин Иванович Скрябин сияқты, адам өз мамандығын сүйіп, өз ісіне жан-тәнімен берілгенде, қоғамға қажет екенін сезініп, еңбегінің адамдарға пайдасын тигізгенде ғана шынайы бақытты бола алатынына сенімдімін. Дәрігердің жұмысы оңай мамандық емес, мен қазақстандық жасөспірімдердің осы мамандықты таңдап жатқанына қуаныштымын. Отбасымызда мен жер бетіндегі ең асыл, адамгершілікті талап ететін, ең қажетті мамандықтардың бірін таңдаған бірінші адаммын», — дейді Людмила Александровна.
Людмила Александрованың ұлы Роман — музыкант. П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжін бітірген, одан кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алған. Қазіргі уақытта ол әйгілі «Княжичи» ерлер хорының солисі. «Княжичи» репертуарында көптеген танымал заманауи әуендер, казактардың халық әндері мен қазақ шығармалары бар.
«Біздің ұжымда өз тамырын ұмытпайтын, білгенін балаларына жеткізетін түрлі ұлт өкілдері жұмыс істеуде. Қазақстанда халық нәсілге, ұлтқа, дінге бөлінбейді, барлығы достықта, тату-тәтті өмір сүреді, бұл өте тамаша. Мен және менің отбасым мұнда өзімізді өте жайлы сезінеміз. Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаймын. Бұл өте маңызды күн! Сіздерге денсаулық, амандық және өркендеу тілеймін!»

Суд присяжных: проблемы и пути решения

Обеспечение справедливого и независимого правосудия – ключевая задача для...

Врач с 40-летним стажем: посвятил медицине всю жизнь

Есть замечательная профессия - врач-статистик. Это аналитик, который обрабатывает...

Ждем результатов проверки?

Одно дело, когда о каких-то нарушениях в государственных органах...

Ответственность за транспортные преступления 

Действующее законодательство Казахстана выделяет составы транспортных преступлений в отдельную...

Акцент – на качество и доступность

ЗДРАВООХРАНЕНИЕ – ОДНА ИЗ САМЫХ ВАЖНЫХ СФЕР ЖИЗНИ ОБЩЕСТВА,...