Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекке қатысты түсіндірме берді

Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормаларды біркелкі түсіндіру мақсатында ресми түсіндірме берді. Elordainfo.kz түсіндірменің толық мәтінін оқырман назарына ұсынады.

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы Конституциясының, сонымен қатар «2026 жылғы 15 наурызда республикалық қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 17 наурыздағы №1206 Жарлығының қабылдануына байланысты, денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормаларды біркелкі түсіну және қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі төмендегіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық болып табылатын әлеуметтік мемлекет болып табылады.

Осыған байланысты денсаулық сақтау құқығы адам құқықтарының негізгі әлеуметтік-экономикалық құқықтарының бірі болып табылады және мемлекет тарапынан кепілді түрде қорғалуға жатады.

Конституцияның 32-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес:
— азаматтардың денсаулығын сақтауға құқығы бар;
— азаматтар заңда белгіленген, өздері ақы төлемейтін медициналық көмекті алуға құқылы.

Аталған нормалар Конституцияның 14-бабымен жүйелі байланыста қарастырылуы тиіс, онда адамның құқықтары мен бостандықтары ажырамас әрі мемлекетпен кепілдендірілетіндігі бекітілген.  Бұл мемлекет азаматтардың әлеуметтік және мүліктік жағдайына қарамастан медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі өз міндетін сақтайтынын білдіреді.

«Азаматтар өздері ақы төлемейтін медициналық көмек» деген тұжырым өзінің құқықтық мәні бойынша медициналық көмектің ақылы болуын білдірмейді, керісінше, медициналық көмекті қаржыландыру көздерінің әртараптандырылуын көздей отырып, азаматқа тікелей қаржылық жүктеменің жүктелмейтінін білдіреді.

Атап айтқанда, медициналық көмек:
— мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен;
— міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде;
— заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен (қайырымдылық, халықаралық ұйымдар және т.б.) қаржыландырылуы мүмкін.

Осылайша, азамат медициналық көмекті тікелей төлемей алатын қолданыстағы модель сақталады.

Қосымша назар аудару қажет, Конституцияның 41-бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары тек заңмен және тек денсаулықты, қоғамдық тәртіпті және өзге де конституциялық құндылықтарды қорғау мақсатында ғана шектелуі мүмкін.

Бұл норма денсаулықты қорғаудың конституциялық басымдығын тағы да растайды.

Сонымен қатар, Конституцияның 5-бабына сәйкес Конституция ең жоғары заңдық күшке ие және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар оның нормаларын тікелей қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.

Апостиль без очередей: как цифровизация меняет систему государственных услуг в Казахстане

В условиях стремительного развития цифровых технологий Республика Казахстан последовательно...

Кезексіз апостиль: цифрландыру Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалай өзгертуде

Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында Қазақстан Республикасы...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ– ӘЛЕМДІК ЭЛИТАДА: ПЕДАГОГТАР ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ӘЛЕМНІҢ ТОП-50 ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық білім беру...

Мировое признание: предметы ЕНУ признаны лучшими в Казахстане по версии рейтинга QS

По результатам ежегодного предметного рейтинга QS World University Rankings...