Денсаулық сақтау министрлігі елімізде ең көп сатылатын дәрілерді атады

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде ең көп сатылатын дәрілерді атады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство дерегінше, елімізде ең көп сатылатын таңбаланған дәрі — парацетамол. Бір жыл ішінде дәріханаларда шамамен 3 миллион қаптама сатылған. Сатылым бойынша келесі орындарда — натрий хлориді, этил спирті, ацетилсалицил қышқылы және Цитрамон П.

Қазақстандықтар дәрілерді ең сейсенбі және сәрсенбі күндері жиі сатып алады. Жұмаға қарай сұраныс төмендеп, жексенбіде ең төменгі деңгейге жетеді. Бұл үрдіс жыл бойына сақталған. Дүйсенбіде сұраныс қайта өсіп, аптаның ортасында шарықтау шегіне жетеді.

«Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті түрде таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу арқылы мемлекет олардың айналымын ашық бақылау мүмкіндігіне ие болды. Енді әрбір дәрінің өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолын бақылауға болады. Бұл тұтынушылар үшін қауіпсіздікті арттырып қана қоймай, сонымен қатар қай күні және қандай дәрілердің жиі сатып алынатыны туралы нақты деректер алуға мүмкіндік берді», — делінген министрлік хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, бір жыл ішінде 417 миллион қаптама дәрі таңбаланған, бұл — нарықтың 60 пайызы.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.