12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Дені сау ұлт-ел болашағы

   Қазақ Ұлттық университеті Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасында студенттері арасында өткен іс-шарада тұрақты даму мақсаттарының 3-ші тақырыбы – денсаулық сақтау мен жалпы әл-ауқатты қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды. Бұл іс-шара студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, денсаулық сақтау саласындағы жаңашыл шешімдерді талдауға және болашақта қоғамның денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстарды ортаға салуға мүмкіндік берді.Тұрақты даму мақсаттарының 3-ші мақсаты әлемдік деңгейде сапалы денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, аурулардың алдын алу, емдеу мен реабилитацияны қолжетімді ету арқылы барлық адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Оқу ордамыздың студенттері осы мақсат аясында қазіргі денсаулық сақтау жүйесінің жетістіктері мен проблемаларын талдап, заманауи технологиялар мен инновациялық әдістердің рөліне назар аударды.Студенттер еліміздегі денсаулық сақтау инфрақұрылымының артықшылықтары мен жетіспеушіліктерін талқылады. Олар медициналық қызметтердің қолжетімділігі, сапасы және қаржыландыру мәселелерін сыни тұрғыдан қарастырды.Профилактикалық шаралар мен халыққа арналған ақпараттық науқандардың маңыздылығына баса тоқталды. Студенттер денсаулық сақтау саласындағы инновацияларды, соның ішінде цифрлық медицинаны, телемедицина мен жасанды интеллект қолдану арқылы аурулардың алдын алудың мүмкіндіктерін зерттеді.Тиімді диагностика, емдеу әдістері мен пациенттердің күтім сапасын арттыруда жаңа технологиялардың ролі ерекше атап өтілді. Қара шаңырақ студенттері медициналық зерттеулер мен инновациялық жобалардың практикалық қолданылуына назар аударып, олардың болашақ денсаулық сақтау жүйесіне ықпалын талқылады.Білім алушылар денсаулық сақтау саласындағы халықаралық тәжірибе мен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Әлемдік тәжірибені үйрену, заманауи әдістер мен технологияларды елге енгізу арқылы сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

     Талқылау барысында студенттер келесі ұсыныстарды ортаға салды:

  1. Денсаулық сақтау жүйесінде аурулардың алдын алу бойынша кешенді бағдарламалар әзірлеу, медициналық білім беру мен ақпараттық науқандарды жетілдіру;
  2. Электронды денсаулық сақтау жүйесін дамыту, телемедицина мен жасанды интеллект негізіндегі диагностикалық құралдарды қолдану;

       3) Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жобаларды қаржыландыру, зерттеу институттары мен университеттер арасында ынтымақтастықты нығайту;

         4) Жаңа технологиялар мен тәжірибелерді игеру мақсатында шетелдік мамандармен, ғылыми орталықтармен серіктестік орнату.

    Оқу ордамыздың білім алушылары ТДМ-3 тақырыбы бойынша өткізген талқылауы денсаулық сақтау мен жалпы әл-ауқатты қамтамасыз етудің маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады. Студенттердің ұсыныстары мен пікірталасы жаңа идеялар мен инновациялық шешімдердің негізін қалауға ықпал етті. Мұндай іс-шаралар жастардың қоғамдағы белсенділік деңгейін арттырып, болашақта денсаулық сақтау саласының сапасын жақсартуға бағытталған тиімді шараларды іске асыруға жол ашады.

Усеинова К.Р

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к

Әдеп кодексі – жоғары талап өлшемі

«Судья – бұл сөйлейтін заң, ал заң – мылқау...

Заңды білген зардап шекпейді

Құқықтық сауатты арттыру азаматтардың өзіне ғана емес, мемлекетке де...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу маңызды

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қай мемлекетте, қай кезде болсын өзекті....

Астанада әйелдер денсаулығына арналған ашық талқылау өтті

Елордада әйелдер денсаулығы, контрацепция және қоғамның әйелдердің репродуктивті құқықтары...

«Әулие-Ата — кітап оқитын өңір»

Жамбыл облысында 2025 жыл «Кітап оқу жылы» болып жариялануына...