ДДҰ сарапшылары коронавирус Ухандағы зертханадан тарады деген қауесетті тексерді

ДДҰ сарапшылары коронавирустың шығуына қатысты тергеудің мән-жайын айтты, — деп хабарлайды РИА Новости

Агенттік сұрақтарына ресейлік ДДҰ сарапшысы Владимир Дедков жауап берді. Оның айтуынша, жаңа коронавирус инфекциясы Қытайдың Ухан қаласындағы теңіз өнімдері сатылатын базардан тараған деп айтуға негіз бар, бірақ ол вирус нақты сол жерден шықты дегенді білдірмейді.

«Біз базарда болдық. Мен Қытайдың санитарлық ережелерімен қатты таныс емеспін, бірақ мынаған қарап, біздің заңнамаға экстраполяция жасап, базар мінсіз деп айтуға келмейді. Ол жерде не болғаны белгісіз, вирус нақты сол жерден тарағаны туралы ешқандай дәлел жоқ. Бәлкім вирус басқа жерден тараған шығар. Бірақ гипотезалық көзқарас бойынша, вирус сол жерден тарады деп айтуға негіз бар», — дейді Дедков.  

Сарапшының сөзінше, бүгінде базарда біраз өзгеріс енгізілген, қазір ол жабық, сүру жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, маман коронавирустың тарауына жол берді деген қауесет болған Ухан институтының зертханасы туралы ойын айтты.  

«Біз үшін, әрине, мұндай нысанды аралау, әріптестерімізбен сөйлесіп, ол жердегі ұйымдасу жұмысын көру маңызды болды. Бәрі жақсы ұйымдастырылған. Зертхананы кім сынағанын білмеймін. Ол жерден бірнәрсе шыққанын елестету мен үшін қиын», — дейді сарапшы. 

Дедков гипотезалық көзқарас бойынша бәрі мүмкін екенін, бірақ «біріншіден, оған ешқандай алғышарт жоғын, екіншіден, вирус нақты сол жерден тарағаны туралы тура не жанама дәлел жоғын» атап өтті. 

«Зертхана жақсы, тіпті керемет десем де болады. Олар немен айналысатынын, қазір қандай жұмыс атқарып жатқанын айтып, бәрін көрсетті», — деді Дедков. 

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...

Сот жүйесінде электронды цифрға өтудің маңыздылығы

Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуы сот жүйесіне де елеулі...