ДДҰ сапар кезінде вакцинацияны талап етпеуге кеңес берді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) төтенше жағдай жөніндегі комитеті елдерге шекарадан өткен адамдардан СOVID-19-ға қарсы вакцина салдырғаны туралы құжаттарды талап етпеуге кеңес берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДҰ сайтына сілтеме жасап.

ДДҰ өкілдері қазіргі уақытта әлемде вакцина таралуында теңсіздік барын және екпе салдырғаныңды дәлелдеу талаптары жағдайды нашарлатуы мүмкін екенін айтты.

«Қатысушы мемлекеттерге вакцинацияны дәлелдеуге талап қою теңсіздікті күшейтіп, қозғалыс еркіндігіндегі айырмашылықтарға ықпал етуі мүмкін екенін мойындау ұсынылады», — делінген ДДҰ мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, сарапшылар халықаралық саяхатшыларға қоғамдық денсаулықты сақтау үшін қолданылатын шараларға байланысты қаржылық ауыртпалықты азайтуға кеңес берді, мысалы, тестілеу, қонақүйлерде оқшаулану және вакцинация ақысын.

Бұған дейін ДДҰ басшысы СOVID-19 пандемиясын алдағы айларда бақылауға алуға болатынын мәлімдеген еді.

Горный курорт Oi-Qaragai вводит тариф «Отан» для граждан Казахстана

Горный курорт Oi-Qaragai объявляет о запуске нового специального тарифа «Отан», ориентированного...

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан азаматтары үшін «Отан» тарифін енгізеді

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған жаңа арнайы...

Мектептегі мазмұнды шара

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды...

Жаңа Конституция ел игілігі үшін

Жаңа Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат....