Әр сот шешімнің артында адам тағдыры тұр, сондықтан судьяларға артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр. Судьялармен әр қабылданған шешім жан –жақты сараланып, дәлелденіп, зерттеліп барып қабылданады. Алайда, дау болғасын қабылданған шешімдерге тараптар келіспей жататын жағдайлар көп. Сондықтан жұмысын бастаған кассациялық сот сапалылықты жоғарлатып, азаматтардың заң мүдделерін, құқықтарын қорғауды нығайтып, халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыратыратыны сөзсіз.
Себебі, кассациялық сот төмендегі соттардың заңды күшіне енген шешімдерін, үкімдеріне шағымдар түскен істерді қарайтын сот органы, яғни, заңды күшіне енген сот актілерін қарайды, яғни дауларды шешуде сүзгіден өткізіп, шешімдерді түзетіп, қадағалайды.
«ҚР Сот жүйесі және судьяларының мәртебесі» туралы» заң кассациялық соттардың құрылуы туралы тарауы 2024 жылғы 5 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңмен толықтырылды.
Кассациялық соттар судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша ҚР Президенті бекітеді. Кассациялық сот судьяларын тағайындауға та белгілі бір шарт, тәртіп қойылған.
Жаңа бастама көпшілік сұранысына сай халық игілігіне қызмет етуге арналған оң ықпал етері анық.
Касациялық соттың төрағасы өзінің судьялық міндетін атқарумен қатар сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастырады, кассациялық соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді. Сонымен қатар сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін облыстық соттың сот алқасының төрағасын, облыстық сот төрағасын, кассациялық сот судьясын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені соттың жалпы отырысының талқылауына шығарады және тағы басқа заңда көрсетілген міндеттерін орындайды. Кассациялық соттың жалпы отырысы қажетіне қарай, бірақ жылына екі реттен сиретпей өткізеді.
Кассацияға істер алдын ала қараусыз үш судьядан тұратын алқаға бірден түседі және сот процесі тараптардың шақырылуымен ауызша жүргізіліп, істерді қарау мерзімі алты айдан аспайды.
«Ат тұяғы –алтын, алысқа алып баратын, Адам тілі алтын, алысты сұрап табатын» деп айтқызбай, іске қосылғанын осы сотты халыққа жеткізу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әр адамның құқықтарын қорғаудағы әділетті және тиімді бағытқа апаратынын жеткізгіміз келеді.
Іске қосылған дербес кассациялық сот судьялар үшін де өте маңызды. Себебі адам тағдырына жауапкершілік артылған судьялардың шешімі сарапталып, сүзгіден өткізілгені, судьялар көтерген жүктің де жеңілдейтінін білдіреді.
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың
істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының
төрағасы Жаңылхан Талапбайқызы Жүсіпова