Дауды шешу кезіндегі судьяның басты ұстанатын бағыты және даудың алдын алу үшін отбасы мүшелерінің ұстанымы

       «Судың түбін шым бекітеді, сөздің түбін шын бекітеді» дегендей судья тек шындыққа бағыттап, нақты дәлелдермен бекітіп, содан кейін ғана шешім қабылдайды.

      Даулар неден басталады?! Көп жағдайда барлық ұрыс-керіс, кикілжің, төбелес осы балағат сөзден басталады. Сондықтан қазіргі заманда отбасындағы жағдай түзелмей, тәрбие де түзелмейді.  Сондықтан әр отбасында бала дүниеге келгеннен бастап сол баланың тәрбиелік бағытына жауапкершілікпен қарап, алдын ала дайын болу керек. Ол үшін сол отбасы мүшелері оған үлгі боларлықтай өздерінің сыртынан өздері бағалап, жаман мінез –қылықтарынан арылуға тырысу керек. Себебі, бала есін біле бастағаннан бастап үлкендерге еліктеп өседі. Сондықтан отбасында айтылған кері сөздер, ұрыс –керіс, кикілжің, ұрып-соғу баланың психикасына әсер етіп, үйден, отбасынан алшақтап, қаша бастайды. Сөйтіп, бала отбасынан алшақтап, сырттағы басқа кері ортаға қосылып, сол ортада оның мінезі қалыптасып, мінезі түбегейлі өзгеріп кету қаупі төнеді.

      Сонымен қатар отбасындағы гендерлік теңсіздік те күнделікті дау тудырып, отбасының берекесін қашыратыны тағы бар. Бұл жағдайда да баланың психикасының бұзылуына әкеліп соғады. Өтірік айтуға бейім болады, себебі, ата-аналарының дауын көргеннен кейін ол шындықты айтып үйренуден алшақтай бастайды.

      Отбасын құрып, үй болу да көп шыдамдылықты қажет етеді. «Ақылды адам айтқызбай біледі» дегендей, отбасында да дауға апармайтындай, жеткізбейтіндей жолды біліп, алдын алып отыған жөн. «Сыйлық қымбат емес, сүю қымбат» деп айтқандай сүйіп қосылған жұптардың ара қатынасы жылдармен дәлелденіп, сүйіспеншілікке толы болғаны дұрыс. 

      Біздің тарапымыздан дауды шешу кезінде барлық жағдайларға назар аударып, балаға қолайлы бағытты жоғары қоямыз.

     «Адамның құлқы түзелмей, өмірдің құлпы түзелмейді» деген нақыл сөздей, әр адам тәриені өзінен бастаса, өмірі де жақсы бағытқа өзгеретіні сөзссіз!

                                 Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың                                    істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық                                       сотының судьясы Лариса Мәдениетқызы Кенжеева

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекке қатысты түсіндірме берді

Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормаларды біркелкі...

Апостиль без очередей: как цифровизация меняет систему государственных услуг в Казахстане

В условиях стремительного развития цифровых технологий Республика Казахстан последовательно...

Кезексіз апостиль: цифрландыру Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалай өзгертуде

Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында Қазақстан Республикасы...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ– ӘЛЕМДІК ЭЛИТАДА: ПЕДАГОГТАР ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ӘЛЕМНІҢ ТОП-50 ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық білім беру...