12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ДАУДЫҢ ТҮЙІНІ – БІТІМ: ӘКІМШІЛІК СОТТАҒЫ МЕДИАЦИЯНЫҢ МӘНІ

Қазақстанда әкімшілік әділет жүйесі енгізілгелі бері сот пен азамат арасындағы қарым-қатынас жаңа сапаға көтерілді. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (ӘРПК) күшіне енуі мемлекеттік органдармен туындайтын дауларды бұрынғыдан да тиімді, ашық және жедел шешуге мүмкіндік берді. Сол жаңашылдықтардың бірі – жария-құқықтық дауларға медиация институтын қолдану.

«Медиация туралы» Заңның өзгерістеріне сәйкес, тараптардың бірі мемлекеттік орган болған күннің өзінде, заңда көзделген жағдайларда дауды медиация тәртібімен реттеуге жол ашылды. Бұл қадам азамат пен билік арасындағы қарым-қатынасты жұмсартуға, дауласушы емес, мәмілеге келуші мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Тараптарды татуластыру – әкімшілік процестің басты қағидаты

ӘРПК сотқа процестің барлық кезеңінде татуластыруға жәрдемдесу міндетін жүктейді. Яғни судья:

татуласу,

медиация,

партисипативтік рәсім

сияқты құралдарды қолдануға ықпал етіп, тараптардың келісімге келуіне жағдай жасайды. Егер тараптар ортақ шешімге келсе, әкімшілік іс толық немесе белгілі бір бөлігі бойынша аяқталады.

Медиацияның мәні мен өткізу тәртібі

Медиация – дауласушы тараптың ерікті келісімге келуіне бағытталған, медиатордың көмегімен жүзеге асатын рәсім. Әкімшілік соттарда ол арнайы тәртіппен жүргізіледі:

Бірінші сатыда іс медиацияны бекітетін дербес судьяға беріледі. Тараптар келіссе, істі қарап отырған судья өзі де жүргізе алады.

Апелляция сатысында медиацияны алқа құрамындағы бір судья жүргізеді.

Кассацияда тараптар медиативтік келісімді өздері алдын ала дайындап, өтінішпен бірге ұсынады.

Судья процедура өтетін уақыт пен орынды белгілейді, қажет болған жағдайда даудың шешілуіне ықпал ететін адамдарды да шақыра алады.

Келісім жасалғанда сақталатын негізгі талаптар

  1. Жауапкердің әкімшілік қалауы болуы тиіс. Мемлекеттік орган дауды бейбіт шешуге өз құзыреті жететін жағдайда ғана медиация мүмкін болады.
  2. Келісім толық ерікті түрде жасалады. Бір тарап қарсы болса, медиация міндеттелмейді.
  3. Келісімнің орындалуы мүмкін болуы керек. Құжаттың шарттары қажет болғанда мәжбүрлеп орындатуға жарамды болуы тиіс.
  4. Заңдылық және үшінші тұлғалардың құқықтарына зиян келтірмеу.
  5. Сот шығындарын бөлу тәртібі көрсетілуі қажет.

Сот келісімді бекітпес бұрын отырыста тараптардың пікірін тыңдап, мазмұнын мұқият тексереді. Бекіту туралы ұйғарым шыққан жағдайда, талап арыз сол көлемде аяқталған болып есептеледі.
Дауды бейбіт шешу – өркениетті қоғамның белгісі

Медиация – тек сот жүктемесін азайтатын құрал емес, ол құқықтық мәдениетті нығайтатын, азамат пен мемлекеттік орган арасындағы сенімді арттыратын маңызды механизм. Тараптардың өзара келісімге келуі көбіне сот шешімінен де тиімді болуы мүмкін.

Сондықтан мемлекеттік органдарды, азаматтар мен ұйымдарды дауларды сотқа жеткізбей, келісім арқылы шешу жолдарын қарастыруға шақырамыз. Бітім – дау мұраты.

Шымкент қаласының МАӘС судьясы
Г. Укшебаев

61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін...

Олжас Бектенов обсудил с экспертами вопросы развития экономики 

📍 Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел встречу с экспертами экономического...

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады 

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

Мемлекеттік тілге құрмет — елге құрмет

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда...