12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Дау мұраты бітім

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы (бұдан әрі — Заң) 2011 жылдың 11- қаңтарында қабылданған болатын.

Осы аталған Заң талабына сәйкес 2021 жылдың 1- шілдесіне дейін тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға (дау-шарларға) медиация рәсімі қолданылмайтын.

Елімізде әкімшілік әділет өз жұмысын бастаған, Әкімшілік рәсімдік — процестік кодекс (бұдан әрі — ӘРПК) қолданысқа енгізілген күннен бастап, мемлекеттiк басқару қатынастарынан туындайтын жария-құқықтық дауларды медиация тәртібімен реттеу тәжірибесі кеңінен қолданысқа ие болды.
ӘРПК-нің 120, 121- баптарының талаптарына сай әкімшілік сот ісін жүргізуде сот (судья) процестің бүкіл сатысында тараптардың татуласуы үшін шараларды қабылдайды, оларға дауды реттеуге жәрдемдеседі. Сондай-ақ, әкімшілік сот ісін жүргізудің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін тараптар татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.

Осы татуласу шараларының бірі – дауды медиация тәртібімен реттеу рәсіміне тоқталайық.

Ескере кететін жағдай, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын дауларға (жанжалдарға) медиация рәсімі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қолданылады (Заңның 1- бабының 3- тармағы).

Сотта медиация жүргізу тәртібі ӘРПК-нің 121- бабымен белгіленген.

Медиация дегеніміз — тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі.

Медиация рәсімі қалай жүргізіледі?

Әдетте, бірінші сатыдағы сотта медиация жүргізу үшін әкімшілік іс медиация туралы келісімді бекітетін басқа судьяға беріледі.

Алайда, тараптардың өтінішхаты (жазбаша келісімі) болған жағдайда, медиацияны әкімшілік іс өзінің іс жүргізуіндегі судья жүргізе алады.

Апелляциялық сатыдағы сотта медиация жүргізу үшін әкімшілік іс соттың алқалы құрамының судьяларының біріне беріледі.

Ал, кассациялық сатыдағы сотта дауды (жанжалды) медиативті келісім жасасу арқылы реттеу туралы өтінішхатпен бір мезгілде тараптар аталған келісімді ұсынуға тиіс.

Талапқа сай, медиация жүргізетін судья медиация жүргізілетін күнді тағайындайды және тараптарға оның өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды.

Егер басқа адамдардың қатысуы дауды (жанжалды) реттеуге ықпал ететін болса, сот оларды медиацияға шақыруға құқылы.

Медиация рәсімін жүргізуде назарға алынатын міндетті шарттар:

1. Жауапкердің (әкімшілік орган, лауазым иесі) әкімшілік қалауы болған кезде ғана тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеуіне жол беріледі. Мысалы, әкімшілік органның өз әкімшілік актісінің күшін жою, қолайлы әкімшілік акт қабылдау құзыретінің болуы.

  1. Келісім тараптардың еркі негізінде түрде, жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе тиісті өкілеттігі бар олардың өкілдері қол қояды. Егер тараптардың біреуі дауды медиация рәсімін жүргізу арқылы реттеуге қарсы болса, сот мәжбүрлеп жүргізе алмайды.
  2. Медиация рәсімі тәртібімен реттеу туралы келісім мәжбүрлеу тәртібімен орындаушылық талаптарға сай келу керек. Бұл дегеніміз, келісім шарттарының мәжбүрлеп орындау тетіктерін қолдану, яғни атқару парағын орындауға ұсыну арқылы орындалу мүмкіндіктерін ескеру.
  3. Келісім тараптарды татуластыратын шарттарды, сондай-ақ сот шығыстарын, оның ішінде өкілдер көрсеткен қызметке ақы төлеуге арналған шығыстарды бөлу тәртібін қамтиды.
  4. Келісім, оның шарттары заңға қайшы келмейтін, басқа да адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтын болу керек. Сот медиация туралы келісімді бекіту мәселесін сот отырысында немесе алдын ала тыңдауда қарайды, іске қатысушылардың пікірлерін тыңдайды. Одан әрі, келісімді бекіту туралы тараптардың өтініші бойынша шешім қабылдау үшін сот залынан шығып, келісімнің мазмұны мен шарттарын зерделей отырып, жоғарыда аталған мән-жайларға баға береді. Нәтижесінде, келісімді бекіту не одан бас тарту туралы сот ұйғарым шығарады. Сонымен қатар, сот ұйғарымында талап қоюды толығымен немесе тиісті бір бөлігінде қайтару туралы көрсетіледі. Медиация туралы келісім, оның шарттары сотпен заңға қайшы келмейді, басқа да адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды деп танылып, бекітілген.
  5. Қазіргі уақытта, сот тәжірибесінде жария-құқықтық дауларды татуласу немесе медиация рәсімдерін жүргізу арқылы шешу мүмкіндіктері мейлінше кеңінен қолданылып келеді. Шымкент қаласының МАӘС судьясы А.У.Капарбекова

Гендерлік теңдік – әділетті қоғамның негізі

Гендерлік теңдік мәселесі сөз бола қалса, ойымызға нәзік жанды...

Кассациялық соттың маңыздылығы

Жоғарғы Сот төрелікке деген сенімді одан ары арттыру мақсатында...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

        Сыбайлас жемқорлық ‑ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...

Кассациялық сот құру – қоғам талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың қыркүйек айында отандық...