Дариға Назарбаева мәжіліс отырысына келмеді: себебі белгілі болды

Қазір өтіп жатқан жалпы отырыстан кейін парламентшілер сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге аттанады.

16 ақпанда өтіп жатқан мәжілістің жалпы отырысына депутат Дариға Назарбаева қатыспады. «Депутат жалақысы сақталмайтын еңбек демалысынан әлі келмеді», — деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметі.

Бұған дейін экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі коронавирус инфекциясынан кейін оңалту курсынан өтіп жатуына байланысты қаңтар айының соңына дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болатыны хабарланған еді.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева жыл басынан бері парламентке келмеді. Дариға Назарбаева президент жаңа премьер-министрдің есімін жариялаған кезде де, Нұрлан Нығматулиннің орнына мәжілістің жаңа спикері болып Ерлан Қошанов сайланғанда да отырысқа қатыспады.

Мәжілістің жетінші шақырылымында Назарбаева экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып жұмыс істейді. Комитет басшысы Альберт Рау Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында бұған дейін Дариға Назарбаеваның еңбек тәртібін бұзбағанын және тек дәлелді себептермен жұмыста болмағанын хабарлаған болатын.

Ал басқа әріптестері Назарбаеваның депутаттық мандатын тапсыратын кез келді деген пікір білдірді.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.