12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Дархан Ахмедиев қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Дархан Ахмедиев қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», — делінген жарлықта.

Сондай-ақ, Лұт Әлшекенов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалған.

Дархан Ахмедиев Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің түлегі, «Болашақ» стипендиясының иегері (King’s London college).

Еңбек жолын 2012 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ талдаушысы ретінде бастаған. 2013-2015 жылдары ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде және ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде сарапшы болып жұмыс істеген. Кейіннен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас сарапшысы лауазымына қабылданды.

2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқарма басшысы болып жұмыс істеген.

2019 жылы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті директорының орынбасары болды.

2020 жылы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ІТ даму департаментінің директоры болып тағайындалған.

Әрі қарай, ведомствоның ішкі қайта ұйымдастыру нәтижесінде 2020 жылғы 20 қарашадан бастап ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаментінің директоры болып тағайындалған.

Курултай, экология и инвестиции в туризм: в Усть-Каменогорске обсудили проект Новой Конституции с представителями отрасли

В Усть-Каменогорске на площадке Восточно-Казахстанского технического университета имени Д....

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Ахмет...

Земля, предсказуемые правила и умное сельское хозяйство: в ВКО обсудили, что даст бизнесу Новая Конституция

В Усть-Каменогорске, на площадке Центрального Дома культуры, состоялась встреча...

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ РУХАНИ БЕЛЕСІ

Наурыз – адамзат өркениетінің терең тамырынан нәр алған, табиғат...

Жалпыұлттық коалиция өкілдері астаналық дәрігерлерге Конституциялық реформа жобасын түсіндірді

Бүгін «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық...