Дүниежүзілік гимназиадада Қазақстан құрамасы үшінші орын алды

Оқушыларымыз Дүниежүзілік гимназиадада 85 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 32 күміс және 21 қола бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің әлеуметтік желідегі парақшасына жазуына қарағанда, ел құрамасы 3-орынға тұрақтап, үздік үштікке енген. Турнир кестесінде алтын және күміс медальдар саны бойынша Қазақстан 3-орында, ал қола медаль саны бойынша 5-орында тұр.

«Сонымен бірге ұлттық құраманың басшылығы қатысушыларға тағы 2 алтын медальды қайтарып беру үшін апелляция берді. Балаларымыз Гимназиадаға алғаш рет қатысса да, ел намысын лайықты дәрежеде қорғап, жоғары нәтижелер көрсете білді. Олар әлемнің 70 елінен келген 3,5 мың оқушымен бақ сынасты», — деп жазған министр оқушыларымызды әлемдік олимпиададағы жеңістерімен және жоғары жетістіктерімен құттықтайды.

Ол Білім және ғылым министрлігі оқушылар арасында зияткерлік және спорттық олимпиадаларды дамыту жұмыстарын жалғастыратынын айтады.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...