Дүкенге ұрлыққа түсіп, ұялы телефон мен миллионнан аса ақшаны жымқырған ер адам қамауға алынды

Сарыағаш ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданып келген. Оның айтуынша, өзінің дүкеніне белгісіз азамат ұрлыққа түсіп, ұялы телефон мен 1 миллион астам теңге ақшасын жымқырып кеткен. 
Осылайша жәбірленуші азаматқа  1 300 000 теңге көлемінде шығын келтірген. Хабарды алысымен полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, ұрлық жайтын ашуға бірден кірісті. 
Орын алған қылмысты ашу мақсатында аудандық тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды. Куәлардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Дүкен ішіндегі бейнебақылау камералары мұқият тексерілді. 
Тәртіп сақшылары жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басын анықтап, оны тәулік ішінде ұстады. Анықталған күдікті ер азамат бұрын сотты болған  жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып,  тергеу амалдары жүргізілуде.  
Белгілі болғандай, түнгі уақытта күдікті дүкеннің сыртқы есігін бұзу арқылы ішіне кірген. Содан соң кассада болған ақша мен керекті заттарын алып, оқиға орнынан бой тасалаған. 
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін, барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Сондай-ақ есіктеріңізге берік құлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатыңыздар.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...

Устранить коллизии в законодательстве

Бизнес-омбудсмен выступил с предложением об уточнении понятий: «преступная» и...

В ловушке «легких» денег

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОБЕСПОКОЕНЫ ВОВЛЕЧЕНИЕМ МОЛОДЕЖИ В НАРКОПРЕСТУПЛЕНИЯ И ДРОППЕРСТВО....

Маршрут Север — Юг и Средний коридор: Казахстан наращивает транзит

Казахстан продолжает развивать транспортные коридоры, связывающие рынки Азии, России...

Контейнерные перевозки по Среднему коридору выросли на 58% за год

Объем контейнерных перевозок по Транскаспийскому международному транспортному маршруту (ТМТМ),...