12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Цифрлы Қазақстан-тиімді жоба, жарқын болашақ

  Мемлекетіміздің заман талаптарына сай болуы, экономикасы мен қоғамдық қарым-қатынастары дамыған елдердің санатына жетуі – тәуелсіздіктің басты мақсаты. Осы орайда елімізде көптеген игілікті істер атқарылуда.

Соның бірі – «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы.Цифрлік сауаттылық-ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі, ең негізгі тақырыптарымыздың бірі.Цифрлік сауаттылық — бұл адам өмірінің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді, тиімді қолдануға дайындығы және қабілеті. Осы технологияны қолдану арқылы халықтың өмір сапасын арттыруға жол ашып отыр. Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс.                                                                                                                                          Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы. Бүкіл процесс жүйелілікті, реттілікті және кешенді тәсілді талап етеді. Білім сферасындағы цифрландырудың ең басты міндеті – білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық дейгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті Ел жастарын дайындау. Бүгінгі таңда тұжырымдамалық түрде білім беру жүйесі негізгі үш бағыт бойынша жүргізілуде: білім беру үдерісін цифрландыру, цифрлық білім беру контенті, білім беруді басқаруды цифрландыру.Қазақстанда мектептік білім беруді цифрландыру оны реформалау үрдісіндегі басты тенденциялардың бірі болып табылады. Мектеп бойынша білім беруді цифрландыруды жүзеге асырудың жоспары әзірленіп, ауқымды жұмыстар атқарылуда, инфрақұрылымы дамуда.
Атап айтқанда мектептің цифрлық портфелі құрылып, ҰББДҚ, «Kundelik.kz», «Bilimal», «Bilimland», «i-mektep», «i-test», «Daryn.online» платформаларымен жұмыс атқаруда. 

   Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында денсаулық сақтау саласында барлық медицина ұйымдары интеграцияланған медициналық ақпараттық жүйеге қосылып, науқастар «Damumed» мобильді қосымшасы арқылы қабылдануда. Қазір бала туу бойынша мемлекеттік қызметтерді сәбилі болған ата-аналар перзентханадан шықпай, телефонның көмегімен-ақ ала алады. Яғни туу туралы куәлікті, балабақшаға кезекке қою, жәрдемақыларды тағайындауды SMS-тің көмегімен рәсімдеуге болады. Цифрландыру жүйесінің мүмкіндіктері өте көп. Цифрландыру қазіргі әлеуметтік-эконо­микалық салалардың барлығына ортақ. Демек  алдағы бес-он жылдың ішінде әлемнің барлық елдері осы жолға түсетін болады. Цифрландыру – жаһандық үрдіс. Бұл үрдістен бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуды және халқының тұрмыс сапасын жақсартуды ойлаған мемлекеттердің ешбірі бас тартпайды. Қазақстан осы елдердің қатарында. Сондықтан елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын енгізді. Аталмыш бағдарлама цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сапасын арттыруға жол ашады. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жасау барысында көптеген өркениетті, дамыған елдердің тәжірибесі қолданылды. Олар — цифрлық технологияны іске асыру жолында толағай жетістіктерге қолжеткен Австрия, Дания, Аустралия, Канада мен Сингапур секілді елдерді мысалға келтіруге болады.  Мысал, Австрия астанасы Вена қаласында қалалық қаржылық бюджетті дайындауда жоспарлаудың «цифрлық» принципі пайдаланылады. Соның нәтижесінде, Австрия астанасы Вена қаласының бюджетіндегі қаржының  жыл сайын екі миллион еуросын үнемдеуге көмектеседі екен. Ал, Америка Құрама Штаттарындағы Бостонда коммуналды қызмет түрлерін бақылауға арнайы мобильді қосымша бар. Осы сынды  қосымша елімізде қолданысқа енгізілгелі бері тұрғындарының шағымы алпыс алты пайызға бірден қысқарғанын тілге тиек еткім келеді. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Қазақстанның әлемнің неғұрлым бәсекелестікке қабілетті 30 елдеріне кіруі бойынша мақсатқа жетудің өзекті факторы болуы тиіс. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының 4 бағытындағы міндеттерді нақты жүзеге асырсақ, Қазақстан озық елдер қатарына енуге мол мүмкіндік алады. Мұнымен қоса, ел ішіндегі өндірісті жаһандық жаңғырту және цифрландыру шеңберінде тоғыстыру керек. Сонда ғана Қазақстан экономикасы дамыған әлем елдерінің көшіне ілесіп, ақпараттық саланың тың жетістігін пайдаланатын болады.

Ибраева А.С

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының  профессоры,з.ғ.д

Әкімжан Г.Қ

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

заң факультетінің магистранты

Конституциялық құқықты сот арқылы қорғау механизмі күшті әрі нәтижелі

Қазақ елі – еркіндік пен егемендік жолында талай ғасыр...

Бірліктің берік тұғыры

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойымен шын...

Салық кодексіндегі жаңа жеңілдіктер: ескі көліктердің екінші тынысы

Статистика көрсеткендей, елiмiздiң автопаркiнiң жартысынан астамы осы жеңілдікті пайдалана алады. Әңгіме 11 жылдан асқан көліктер туралы болып отыр. Шыққанына11-20 жыл аралығындағы жеңіл көліктер үшін 30 пайыздық және ескі көліктер үшін 50 пайыздық салық жеңілдігін бекітетін норма құжатта қалды. Кодекс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс. Сол кезден бастап жеңілдіктер қолданыла бастайды. Мысалы, 2026 жылдың ақпанында ескі автокөлікті сатқан жағдайда, оның иесіне салықты 2025 жылға дейін ескі мөлшерлеме бойынша (егер ол төленбесе), ал 2026 жылы иелену уақытында жаңа, төмендетілген мөлшерлеме бойынша төлеу қажет болады. ҚР Ұлттық статистика бюросының есебіне сәйкес, 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда барлығы 6 175 955 көлік құралы тіркелген. Оның ішінде жеңіл көліктер саны -...

Мәртебесі биік мемлекеттік мереке

Тұңғыш Конституцияның тарихы 1993 жылдан бастау алады. Қолданыстағы Конституция 1995 жылы...

Түркиядағы Абай есімі —  бауырластықтың белгісі

2025 жылы Қазақстан мен бүкіл түркі әлемі ұлы ақын,...