12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«ЦИФРЛЫҚ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІ»ЕТЕК АЛЫП БАРАДЫ

Бүгінде Қазақстан Республикасы есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күресті ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық денсаулықты қорғаудың маңызды бағыты ретінде қарастырады. Есірткі қылмыстары тек қана жеке адамның денсаулығына емес, бүкіл қоғамға, әсіресе жастардың болашағына зор қауіп төндіруде.

Осыған байланысты еліміздің қылмыстық заңнамасында бұл бағыттағы құқықбұзушылықтарға қатаң жауапкершілік қарастырылған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау, өткізу, сондай-ақ оларды насихаттау жəне қолдануға тарту қылмыстық іс-əрекет болып табылады. Атап айтқанда, ҚК-нің 296-бабы – есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу, 297-бабы – сату мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау жəне өткізу, 299-бабы – кəмелетке толмағандарды есірткі қолдануға тарту, ал 303-бап – есірткі заттарын заңсыз өндіру мақсатында шикізат дайындау бойынша жауапкершілікті белгілейді. Қылмыстық кодекске сəйкес, бұл əрекеттер үшін жеңілдететін жағдайлар болмаса, бас бостандығынан айыру жазасы қылмыстық заңнамасында бұл бес жылдан өмір бойына дейінгі мерзімді қамтуы мүмкін. Кəмелетке толмағандарға қатысты немесе ұйымдасқан топпен жасалған қылмыстар үшін жазаның ауырлатылатыны заңда нақты көрсетілген. Соңғы жылдары елімізде синтетикалық есірткілердің таралуы алаңдаушылық туғызуда. Бұл заттар көбінесе интернет арқылы немесе қоғамдық көпшілік орындарда жасырын түрде сатылып, əлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жарнамаланады. Мұндай «цифрлық есірткі бизнесіне» қарсы күрес те ІІМ, прокуратура жəне басқа да құқық қорғау органдарының техникалық мүмкіндіктерін арттыру – аса маңызды міндет. Мұндай жағдайларда қылмыстық қудалау шараларымен қатар, алдын алу жұмыстарының маңызы зор. Мектептер колледждерде түсіндіру, тəрбиелік іс-шаралар өткізу, ата-аналармен жүйелі жұмыс жасау – жастардың есірткіге тəуелді болмауының басты кепілі. Қоғамдық ұйымдар мен еріктілер қозғалысының осы саладағы белсенділігі де қолдауға лайық. Есірткі қылмысының алдын алу үшін əр азаматтың жеке жауапкершілігі де маңызды. Ата-ана өз баласына үлгі бола отырып, оның кіммен араласатынын, бос уақытын қалай өткізетінін білуі керек. Сонымен қатар, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спорттық жəне мəдени шараларға тарту – олардың теріс əдеттерден алыс болуына ықпал етеді.

Судьялар мұндай істерді қарау барысында тек жазалаумен шектеліп қалмай, əрбір істің артында тұрған тағдыр мен қоғамға əсерін ескереміз. Əсіресе жастарға қатысты істерде түзелу мүмкіндігіне жол беру – сот төрелігінің адами жəне тəрбиелік миссиясының бір бөлігі.

Қорыта айтқанда, есірткімен күрес тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі. Қылмыстың алдын алу, сананы ояту жəне заңды құрметтеу – мықты, қауіпсіз мемлекеттің іргетасы. Əр азаматтың белсенді ұстанымы мен жауапкершілігі арқылы ғана біз болашақ ұрпақты бұл індеттен қорғай аламыз.

Ақмарал ХАСЕНОВА,

Ақтау қалалық сотының

судьясы

ҚЫЛМЫСТЫҢ ӨТЕУІ – ЖАЗА

Әлеуметтік желілердің бәрінде дерлік «Тез әрі оңай ақша табуға...

ҚАУІПТІ ДӘРІЛЕРДІ САУДАЛАУ ҚОҒАМҒА ҚАТЕР

Қазір ауыр есірткі түрлерімен қатар, дəріханалар арқылы таралатын құрамында...

Туризмге тың серпін: Қарағанды облысындағы Семізбұғы көлінде демалыс аймағы мен шипажай салу жоспарлануда

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Семізбұғы көлінің жағасында жаңа...