«Chevron» Бас директоры Қазақстанға және компанияның қызметкерлеріне қолдау білдірді

«Chevron» компаниясының Бас директоры Майкл Вирт ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған хатында қазақстандықтарға қолдау білдірді.

«Қазақстанның байырғы досы және серіктесі ретінде, біз «Chevron»-да өткен аптада болған оқиғаларға қайғырып, Сізге және Қазақстан халқына көңіл айтамыз. Біздің ойларымыз осы қиын-қыстау кезеңде Қазақстан халқымен бірге және біз Қазақстанға қазіргі қиыншылықтарды тезірек еңсеруге деген ізгі тілектерімізді жолдаймыз», — деді ол.

М. Вирт еліміздегі компания кәсіпорындарының персоналына ерекше көңіл бөлді: «Қазақстандағы қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі мен амандығы басымдығымыз болып қалуда. Біз Теңізде тұрақты, қауіпсіз және сенімді жұмысты қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерімізді салуды жалғастырамыз және «Теңізшевройл» қызметкерлеріне өз ісіне адалдығы үшін алғысымызды білдіреміз».

Хаттың көшірмесі Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшісі Ержан Ашықбаевтың Туиттердегі парақшасында жарияланды. Дипломат «Chevron» Бас директорына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, елдің үкіметі инвесторлардың Қазақстанның экономикалық тұрақтылығына деген сенімін сақтау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайтынына сендірді.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....