spot_img
spot_img

Cапалы білім-тұрақты дамудың негізі

Сапалы білім — адам мен қоғамның тұрақты дамуының басты шарты. Білім беру әрбір адамның өмірінде маңызды рөл атқарады, өйткені білімді адам тек өз болашағына ғана емес, қоғамның дамуына да үлес қосады. Сапалы білім арқылы адамдар өз әлеуетін ашып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болады, ал бұл экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтың негізін қалайды. БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. Тұрақты даму мақсаттарының ішіндегі 4-мақсат: «Барлығына сапалы білім» екенін алға тартқым келеді. Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін сапалы білім беру жүйесінің маңызы ерекше.

Тұрақты даму адамның өмір сүру сапасын арттыруға, табиғи ресурстарды сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Сапалы білім адамға тек кәсіби білім беріп қана қоймай, оны әлеуметтік және экологиялық жауапкершілікке баулиды. Осының арқасында білімді адам табиғатты қорғауға, ресурстарды тиімді пайдалануға және қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге белсенді атсалысады.

     Қазақ ұлттық университетінің дамуына Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы сапалы білім беру арқылы сұранысқа ие білікті мамандарды даярлайды. Бұл жұмыссыздықты азайтып, елдің экономикалық дамуын ынталандырады. Білікті кадрлар инновацияларды енгізіп, өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Білім беру адамдардың құқықтарын, міндеттерін және қоғамдағы өз рөлін түсінуге көмектеседі. Білім алған адам қоғамда бейбіт өмір сүріп, заңды құрметтеуге, әділдікке ұмтылуға бейім болады. Сапалы білім әлеуметтік теңсіздікті азайтуға, кедейлік деңгейін төмендетуге және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес қосады.Сапалы білім адамды толерантты, ашық ойлы, мәдениеті жоғары тұлға ретінде қалыптастырады. Әртүрлі мәдениеттерді құрметтеп, өзге халықтардың дәстүрлерін түсінуге тәрбиелейді. Бұл қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтауға септігін тигізеді.

    Елімізде сапалы білім беруге қол жеткізу үшін маңызды реформалар жүргізілуде. Білім беру саласын дамытуға бағытталған «Білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» еліміздің оқу орындарында сапалы білім алуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және оқытушылардың  кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған.Сапалы білім — тұрақты дамудың негізі ғана емес, қоғамның өркендеуі мен әрбір адамның жеке жетістігіне жол ашатын басты құрал. Ол тек білім беру емес, адамдардың ой-өрісін кеңейтіп, жауапты азаматтық сана қалыптастырады. Қазақстанның тұрақты дамуы мен жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілігі сапалы білім беру арқылы мүмкін болмақ. Сондықтан, елімізде сапалы білім беру жүйесін қалыптастыру әрбір азаматтың, әрбір ұрпақтың болашағын жарқын етуге бағытталған маңызды міндет болып табылады.

Жапарбек А.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық

кафедрасының  оқытушысы

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....