Буллингке қарсы құқықтық жауапкершілік – балалар қауіпсіздігінің кепілі

Қазіргі таңда буллинг мәселесі қоғамда кеңінен талқыланып, ерекше назар аударуды талап ететін әлеуметтік және құқықтық құбылысқа айналды. Әсіресе кәмелетке толмағандар арасындағы қорлау, қысым көрсету және қудалау жағдайлары құқық қорғау органдары мен соттардың қарауына жиі түсуде.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, буллинг – бұл кәмелетке толмаған адамға қатысты жүйелі түрде жасалатын қорлау, қудалау немесе психологиялық қысым көрсету әрекеттері. Бұл әрекеттер тікелей қарым-қатынаста ғана емес, интернет арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін, яғни кибербуллинг түрінде көрініс табады.

Буллингтің қауіптілігі – оның баланың психологиялық жағдайына, білім алуына және қоғамға бейімделуіне ұзақ мерзімді кері әсер етуінде.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 127-2-бабында кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу, яғни буллинг немесе кибербуллинг үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Аталған бапқа сәйкес:

  • буллинг жасаған тұлғаға ескерту немесе айыппұл салу қарастырылған;
  • құқық бұзушылық қайталанған жағдайда жауапкершілік күшейтіледі;
  • егер буллингті кәмелетке толмаған бала жасаса, оның ата-анасы немесе заңды өкілдері бала тәрбиесіне байланысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылады.

Бұл норма ата-аналардың баланың мінез-құлқы мен тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Сот тәжірибесінде буллингке қатысты істерді қарау кезінде құқық бұзушылықтың жүйелі сипаты, жәбірленушіге келтірілген моральдық зиян және тараптардың жас ерекшеліктері ескеріледі. Дәлелдеме ретінде куәлардың түсініктемелері, бейнежазбалар, әлеуметтік желілердегі хат алмасулар және мамандардың қорытындылары зерттеледі.

Мұндай істерді қарау барысында соттың басты мақсаты – тек құқық бұзушылыққа құқықтық баға беру ғана емес, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

Буллингтің алдын алу тек құқықтық шаралармен шектелмеуі тиіс. Бұл бағытта білім беру ұйымдары, ата-аналар және қоғам бірлесе әрекет етуі қажет. Балаларға құрмет пен өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру – буллингтің алдын алудың негізгі жолдарының бірі.

Буллингке қарсы заңнамалық шаралардың енгізілуі – балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған маңызды қадам. Қоғамда мұндай әрекеттерге төзбеушілік қалыптастыру және заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Баланың қауіпсіз және қолайлы ортада өсуі – құқықтық мемлекеттің басты құндылықтарының бірі. Сондықтан буллингтің кез келген көрінісіне дер кезінде құқықтық баға беріліп, алдын алу шаралары тұрақты жүргізілуі тиіс.

Ақтөбе қаласының әкімшілік

құқық бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының судьясы                                                                     М.А.Купенова

Депутат “билер” ұйымдарының қызметін тексеруді ұсынды

«AMANAT» фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атына...

Танец как зов души

СОБЫТИЕМ В КУЛЬТУРНОЙ ЖИЗНИ АЛМАТЫ СТАЛО УЧАСТИЕ ГОРОДСКОГО ТЕАТРА...

 Алматы – кузница чемпионов

СПОРТ – ЭТО ВСЕГДА ПРОВЕРКА НЕ ТОЛЬКО ХАРАКТЕРА, ВОЛИ,...

Тілге құрмет – елге құрмет

Тіл - тек қарым – қатынас құралы емес, ұлтымыздың...