spot_img
spot_img

Буллинг, автобустан түсіруге тыйым: биыл балаларға қатысты қандай заңдар қабылданды?

Биыл бала құқықтарын қорғау саласында 3 негізгі заң қабылданды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

2024 жыл елімізде балалардың құқықтарын қорғау бойынша маңызды оқиғаларға толы кезең болды. Биыл балалардың жағдайын жақсартуға, әсіресе әлеуметтік қолдау мен балалардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған үш негізгі заң қабылданды.

Ақпанда «Баланың құқықтары туралы» заңға жетім балалар үшін тәлімгерлік институтын енгізу бойынша өзгерістер енгізілді. Енді ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәлімгерлердің жеке қолдауына жүгіне алады. Бұл жобаны қазір жүзеге асыру белсенді түрде жүргізіліп жатыр: бүгінде 17 қалада 330-дан аса тәлімгер айқындалып, олар балаларға қоғамға бейімделуге және өз бетінше өмір сүруге дайындалуға көмек көрсетіп жатыр. 

Сәуірде әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында заңға қол қойылып, ол маусымнан бастап өз күшіне енді. Бұл заң 70-тен аса өзгерісті қамтиды, балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуді және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Оның ішінде тәулік бойы көмек көрсететін 111 байланыс орталығының қызметінің бекітілуі, сондай-ақ балалардың құқықтары бойынша өңірлік уәкілдер институтын құру туралы жаңашылдықтарды атап өтуге болады. Заңда буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік және балаларды автобустан түсіруге тыйым салу қарастырылған.

Биыл Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жөнінде маңызды қадамдар жасалды. Желтоқсанда Сенат мұндай балаларға арналған отбасылық құрылымның жаңа формасын — кәсіби қабылдаушы отбасын енгізетін заңды мақұлдады, бұл олардың тұрақты ортадағы өмір сүру және тәрбиелеу жағдайларын жақсартады. Сондай-ақ заңмен қамқоршылық органдары мамандарының штат саны — 5 мың балаға кемінде бір маман болып белгіленген, осылайша олардың жұмысының тиімділігін арттыру көзделіп отыр.

Тағы бір жаңалық әлеуметтік көмектің кеңеюі болды: енді жекеменшік мектептерде оқитын осал отбасылардың балалары қажетті мектеп керек-жарақтары мен тауарларды мемлекеттік мектептегі оқушылармен бірдей алатын болады.

«Бұл жыл еліміздегі балалардың құқықтарын қорғау жүйесінде маңызды өзгерістер жылы болды. Қабылданған заңдар тек балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың толыққанды дамуына жағдай жасайды, соның ішінде жетім балаларды, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды және қиын жағдайға тап болған мектеп оқушыларын қолдау көзделіп отыр. Біз бұл қадамдар әрбір баланың жарқын болашағын қамтамасыз ететін қоғам құруға ықпал ететініне сенімдіміз», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, қабылданған заңдардан бөлек, биыл комитет балалардың құқықтарын қорғауды күшейту және жас ұрпақты қолдаудың қосымша механизмдерін құру мақсатында 14 жаңа нормативтік құқықтық акті, оның ішінде қаулылар мен бұйрықтарды шығарды.

Мобильді аударымдарды бақылау: 255 мың теңге шекті көрсеткіш бола ма?

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Қазақстанда айына 255 мың теңгеден басталатын мобильді аударымдарды бақылау туралы сұраққа жауап берді.

Қазақстанда бензин бағасын мемлекеттік реттеу ресми түрде жойылды

Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеудің күшін жою туралы бұйрық шығарды.

Қазақстанда үшінші АЭС салынуы мүмкін

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысының Қазақстандағы екінші АЭС салу алаңын анықтауға қатысты тапсырмасына түсініктеме берді.

Елімізде 1 ақпаннан бастап электр энергиясының тарифтері қымбаттайды

Қазақстанның бірнеше өңірінде электр энергиясының шекті тарифтері көтеріледі.

Қазақстандық бірінші сынып оқушылары қыста қосымша бір апта демалады

Еліміздің бірінші сынып оқушылары қысқы демалыста қосымша жеті күн демалады.